Home » Жас қалам » Қазалым — туған мекенім

Қазалым — туған мекенім

(1-ші бөлім)

Қазалым туған мекенім, аялаған,
Əрбір төсің, қара жерің сая маған.
Таң шуағы маңдайымнан сипалаған,
Тіпті экологияңда шипа маған.

Қазалым бар байлығым, қазыналым,
Ұрпаққа қалдырамын қазып алып.
Өтседе талай ғасыр, талай керуен,
Тарихыңды айқындаймын жазып алып.

Табиғатың сəн-салтанат құра білген,
Əрбір қара топырағың құнарлы бел.
Жеріңе аунап, шаңыңды жұтып өстім,
Сенің əрбір қасиетіңе құмартып ем

Шабытыма шабыт қосып даралаған,
Кең далам,асқар тауым қара маған.
Қазалым əрбір желің асыл маған,
Сен жайлы жырлайтұғын, бұл Бейбарыс ақын балаң.

Əр қатпарың басылған дала етіне,
Орын алған, ойып тарих бетінен.
Қалған талай жыраларды көп кілең,
Өткен тарих естеліктің əжімдері деп білем.

Ұғынамын, Қазалымның нағыз тарих екенін,
Туған жерім, Қазалым менің мекенім.
Алға талай арман,мақсат қойылған,
Оларға сенің демеуіңмен жетемін.

Асқақтатар айбыныңды əлі талай жақының,
Себебі сені жырға қосар,туылар талай ақының.
Батырыңда, даналарда көп туған,
Бейбітшіліктен құра білген алтын шатырын.

Ұмытылмассың, есіндесің талай талай жандарда
Сені ғана жырлап өтем бір кеудемде жан барда.
Ақын болып туылған соң,парызым оны деп білем,
Туған жерді жырлауға, болмайды деген заң барма?.

 (2-ші бөлім)

Қазалым менің , басқаны керек етпедім,
Өзіңмен өткен əр күнім керемет еді.
Болса-дағы əлемде қанша сұлулық,
Жетпейді саған əлемнің кереметтері.

Бала ақынмын, шабытым асып-тасыған,
Жыр жаздым саған, сол бір бала жасымнан.
Сенсің елім,туған жерім, тірегім
Сен үшін дайын,өлуге бала жүрегім.

Қазалым, бар байлығым,жаһұтым,
Сендей жерде туған-дағы, пендемін менде бақытты.
Ризамын, сен үшін терлеп,тілімденсе табаным,
Туған жерім, бақытты да, байлық та , тек өзіңнен табамын.

Тарихым менің, жазылған сол бір қатпарға,
Айбыны болдың, сол бір қиын шақтарда.
Тарихың кенен,тамырың терең Қазалым,
Келген ізің сол бір ұлы сақтардан.

Елін-жерін сүймеген мүмкінбе азып-тозбасқа,
Тарихыңжы сенің неге қазып алмасқа.
Ақының мен сенен туған жер Ана,
Онда неге сен жайлы жыр жазбасқа.

Ұлы далам, жер Анам, менің Қазалым,
Өткен тарих бетінде қалды азабың.
Болады оған ,өткен шақтар таразы,
Жырламасам сені онда, мендік жүрек наразы.

Алыбым менің, тұрағым менің мекенім,
Шет кетсем сенен, асығып саған жетемін.
Қазалымнан ұғам, қазақтың қазақ екенін,
Қазалы деген- əр пенденің, өзіндік жұмақ мекені.

Айбынымды асқақтатар сенің əрбір тынысың,
Сенсің менің жүрегім сенсің менің тынысым.
Алдыңда сенің əркез пəкпін, тазамын
Жүрегім өзің , мекенім менің — Қазалым.

Қаракесек Бейбарыс Жолдасұлы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицейінің

11″в» сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.