Home » Балабақша » Жеңіс күні

Жеңіс күні

             «Жеңіс күні» аясында мамырдың 5-і күні Қызылорда қаласының қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №2 Бөбек санаториялық балабақшасында №5 аймақ әдістемелік бірлестік балабақшалары арасында балалар шығармашылығына арналған «Патриоттық ән» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты өскелең ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу, қуатты бай ел екендігін мақтан ету, тәуелсіз елімізді, патриоттық сезімін ояту. Байқау талаптарына сәйкес №3-інші, №2-інші, №8-інші, №4-інші, №32-інші мемлекеттік балабақшалары және 20 жеке балабақшалар өз бақтарын сынады.
Байқау соңында кәсіби әділ-қазылардың шешімі бойынша І-ші орынды №8 «Бүлдіршін» балабақшасы, ІІ-ші орынды №4 «Қуаныш» балабақшасы, ІІІ-ші орынды №2 «Бөбек» балабақшасы және №32 «Қызғалдақ» балабақшасы жүлделеніп, бүлдіршіндерімізге «Көрермендер көзайымы» номинациялары табысталды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей бүгінгі кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгі еліміздің тұтқасын ұстар ұландарымыз. Бүлдіршіндеріміздің кіршіксіз таза жүректерінен еліне деген махаббаттарына үңіле отырып, еліміздің болашағы жарқын екеніне сенімім мол және мәңгілік ел боларына еш шүбәм жоқ.



                       Әлібек ҚУАНЫШ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.