Home » Жаңалықтар » ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР  

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР  

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ базасында биология-химия пәні мұғалімдеріне критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдістемелік негіздерін жетік меңгерту және алған теориялық білімдерін практикалық білімдерімен ұштастыра отырып, өзіндік бағалау дағдыларын дамыту арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Жаңарған білім мазмұнына сай биология-химия пәндерінде бағалау критерийлерін құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға барлығы 21 мұғалім қатысты.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында қалыптастырушы бағалауды жоспарлап және ұйымдастыру үшін биология және химия пәнінен 7-сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын» басшылыққа ала отырып, оқу мақсаттарының әрқайсысы үшін берілген бағалау критерийлеріне назар аударылды. Қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға арналған дескрипторлар құрастырылды.

Белсенді әдіс-тәсілдер арқылы тыңдаушылар логикалық, алгоритмдік ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға арналған тапсырмалар дайындады. Тыңдаушылар пән бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарын басшылыққа ала отырып, белсенді сабақ жоспарлауға дағдыланды. Олар өз сабақтарын, одан алынған тәжірибесін келешекте қалай қолданатынын түсіндіріп, өз жоспарларын әрі қарай дамыту туралы ойларымен бөлісті. Семинар соңында тыңдаушылар өзіндік рефлексияға арналған сұрақтарға жауап берді. Ғылыми-әдістемелік семинардың тақырыптық мазмұнының құрылымы, тақырып аясында жүргізілген теориялық дәріс, шеберлік сынып, тәжірибелік сабақтар тыңдаушылар көңілінен шыға білді. Барлық тыңдаушыларға арнайы ортақ электрондық почта және арнайы WhatsApp арқылы чат ашылып, желілік қауымдастық құрылды.

Осы желілік байланыс арқылы мұғалімдерге қажетті әдіс-тәсілдер көрсетіліп, бағдарлама, слайдтар, электронды бағалау бетшелері беріліп, критериалды бағалау ережелерімен таныстырылып, қолдау көрсетілді. Мұғалімдерге ықшамсабақ құрастыру кезінде сабақ жоспарлары үлгісі беріліп, әдістемелік көмектер жасалды.

 

Қ.БАҚТИЯРОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
БМЖ тренері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.