Home » Баяндамалар » Экология бойынша өткізілетін ойын-сабақтардың мәні, түрі, тиімділік жағдайлары

Экология бойынша өткізілетін ойын-сабақтардың мәні, түрі, тиімділік жағдайлары

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу кезінде төменгі сынып оқушыларының танымдық қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру үшін, ойындардың, оның ішінде ойын- сабақтардың үлкен маңызы бар. Ойын — қоғамдық мәдениеттің бөлігі ретінде, өзіне байыпты ғылыми, әдістемелік қатынасты талап етеді. Қазіргі уақытта ойынды төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың жетекші әдісі деп есептейтін, бүтін бағыт және педагогикалық ғылыми- ойындық педагогика пайда болды, сондықтанда ойын түрлеріне және оқыту тәсілдеріне сүйену – баланы оқу жұмыстарына қатыстырудың маңызды жолы болып саналады.Соңғы жылдары ойын- сабақтардың теориясы мен практикасы жайлы мәселелерді А.П. Усова, Е.И. Радиона, Е.Ф. Иваницко, С.Н. Николаева, Н.Е. Щуркова және басқа да  көптеген зерттеуші – педагогтар зерттеген және зерттеу үстінде.Ал, психологтар мен педагогтардың (В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.С. Мухин, С.Д. Дерябо және басқалар) зерттеулері бұрынғыдан біршама жоғары психикалық даму деңгейін, логикалық, абстрактілі ойлау элементтерін, табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы мінез- құлық мәдениетін балалық шақта қалыптастыру мүмкіншілігін дәлелдеді. Ойын арқылы балалардың ғылыми- танымдық, эмоционалдық- адамгершілік қатынастарын олардың табиғи, әлеуметтік ортасына сіңістіруге болады. Сондықтанда, төменгі сынып оқушыларына экология бойынша өткізілетін ойын- сабақтарға ғылыми- танымдық, тұтастық, нормативтік, тәжірибелік – іс- әрекеттік құрамдар енгізілген. Төменгі сынып оқушыларының экологиялық іс- әрекеттері негізінен ойындық, қызықтыру түрінде өтеді. Біріншіден, бұл жастағы балалар – осының алдындағы мектепке дейінгі оқушылар, сондықтанда ойын олардың өмірінде маңызды орын алады. Ал екіншіден, табиғат туралы берілетін аздаған мөлшердегі білім экологиялық тәрбиедегі елеулі танымдық іс-әрекеттерге ықпал ете алмайды, сол себепті ол айшықты ойындармен безендіруді талап етеді. Ойынның көмегімен табиғат жайлы білімді игеру, олардың өсімдіктер және жануарлар әлеміне ұқыптылықпен қарамауына, аяламауына ықпалын тигізбей қоймайды. Ойындар арқылы айналадағы ортаға оң қарым- қатынас, жағымды сезім және эмоция қалыптасады. Балалардың табиғат туралы алған білімдері және оларды ойынмен жүзеге асыруды игеру тәсілдері ойын- әрекеттерін төменгі сынып оқушыларының экологиялық тәрбиесімен түйістіреді. Ойын – бұл қоршаған әлемді танудың белсенді тәсілі. Ойынның өте жоғары тәрбиелік мүмкіншіліктеріне қарамастан, мектептегі экологиялық тәрбие мен білім беру тәжірибесінде ол сирек пайдаланылады. Оған аз дегенде екі себеп бар. Ең бастысы – көптеген педагогтардың ойынға қатысу кезінде өзін балалармен тең ұстауға, мұғалім екендігін есінен шығарып ойындағы серіктес рөлін қабылдауға қабілетсіздігі. Екінші себебі – арнайы құрылған ойын сценарийінің және экологиялық мазмұндағы ойын-сабақтарының болмауы. Төменгі сынып оқушыларына экологиялық тәрбие және білім беру заманауи тұжырымдамасында төменгі сынып оқушыларын оқытудың белсенді әдістері пайдаланылатын, экология бойынша ойын-сабақтарға баса мән берілген. Экология бойынша ойын- сабақтар төменгі сынып оқушыларының санасында барлық табиғат нысандарының өзара байланысы және пайдасы, өмірдің үздіксіздігі, оның күрделілігі, ерекшелігі, осалдығы жайлы экологиялық көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді. Сабақтың мазмұндық бөлігінің негізінде бастауыш мектепке арналған келесі негізгі экологиялық идеялар жатыр:

  1. Табиғат біртұтас:
  2. 1 Өлі табиғат элементтерінің арасындағы байланыс.
  3. 2 Тірі ағзаның ерекшелігі.
  4. 3 Тірі және өлі табиғат элементтерінің арасындағы байланыс.
  5. 4 Тірі табиғат элементтерінің арасындағы байланыс.
  6. Экожүйе – табиғаттың құрылымдық бөлігі.
  7. Табиғат – адамның тіршілік ету негізі: табиғаттың әмбебап құндылығы.
  8. Адам өзінің іс-әрекеттерінің барысында табиғатты өзгертеді.
  9. Табиғатты қорғау тіршілік қажеттілігі.

Экология бойынша ұсынылған ойын–сабақтар балалардың назарын және олардың құнды қатынастарын Адам және Табиғат өзара қарым- қатынасы мәселелерінің арнасы бойынша бағыттайды. Осындай сабақтарды өткізудің ең жақсы нұсқасы – өзара қарым- қатынас, табиғатты бақылау, табиғи феноменді зерттеу, өсімдіктер мен жануарларға күтім көрсету мәселелерін санаға сіңдіру болып есептеледі. Экология бойынша өткізілетін ойын- сабақтарды мазмұнына, әдістемесіне және технологиясына қарай бірнеше топқа бөлуге болады, мысалы: табиғатты таныту сипатындағы элементтер пайдаланылатын танымдық экологиялық сабақтар;құрамына ойын – конкурстар,саяхат – ойындар,сұрақ- жауап ойындар кіретін экологиялық сабақтар; ойын элементтерінен тұратын және төменгі сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған инсценировкалар, экологиялық мерекелер сценарийі; тәжірибелік – ойындар, экологиялық тәжірибелер.

Табиғатты таныту сипатындағы элементтері бар танымдық экологиялық сабақтар тікелей табиғаттың өзінде немесе сыныпта жүргізіледі. Бұл ойындар балалардың аңғарымпаздығын, есте сақтау, елестету, бейнелеу қабілеттерін дамытады. Шартты түрде танымдық экологиялық сабақтардың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

А) Сұхбат – ойын (диалогтар). Сұхбат – ойынның негізінде мұғалім мен балалардың бірі- бірімен қарым- қатынасы жатыр. Бұл қарым- қатынас оқушылардың ойындық оқыту және ойындық іс- әрекеттерінің ерекше сипатынан тұрады. Сұхбат ойында мұғалім жиі- жиі ақпарат беріп отырады, өзінің атынан емес, балаларға жақын кейіпкерлердің атынан сұрақтар қояды, сондықтанда сол арқылы ойындық қарым- қатынасты сақтап қана қоймайды, сонымен қоса оқушылардың қуанышын да арттырады. Сұхбат ойынның құндылығы — балалардың сөздерінің, әрекеттерінің, ойларының және елестету қабілеттерінің бірлігі сияқты эмоционалдық – ойлау үдерістерін жандандыруға талап қоятындығымен тұжырымдалады. Сұхбат ойынның негізгі құралы – сөз, сөз арқылы бейнелеу, біреу немесе бір нәрсе туралы кіріспе әңгіме айту болып есептеледі.

Б) Тапсырма- ойындар. Оның негізіне заттармен, ойыншықтармен жұмыс істеу, сөздік тапсырмалар кіреді.

В) Болжам – ойындар. Қандай да бір жағдайға жол беруге негізделген, Не болар еді?, Мен не істер едім?, Мен қалай көмектесе аламын? сияқты сұрақтар арқылы жүргізілетін ойындар.

Ойын- конкурс, жарыс – ойындар балалардың бір- бірімен бәсекелесу, үнемі өзін басқалармен салыстыру сияқты, өздерінің табиғатына тән ерекшеліктерге негізделген.

Ойын- конкурстар таным саласында жарысуға, айтысуға құрылған.Онда жеңіске жетуші және жеңілуші бар.  Қалай болғанда да, ойында жеңіске жету немесе жеңілу баланың танымдық белсенділігіне ықпал етеді. Мұндай ойындардың құндылығы – ойынға топ болып қатысу.Төменгі сынып оқушылары топпен жұмыс істегенді жақсы көретіндігін және оларды оймен бірігіп атқаратын жұмыстарға үйрету керек екендігін айта кету қажет.

Саяхат- ойындар нақты елестетуді қажет ететін, қызықты сюжеттерімен ерекшеленетін ойындар – бұл қандай да бір нысанды, құбылысты, білім саласын зерттеу, ол балалардың уақыт және кеңістік бойынша қозғалысына негізделеді. Мұндай ойын- сабақтар балалардың дербестігін және белсенділігін талап етеді. Ойынға дайындық кезінде оқушылар кітаппен, ғылыми – танымдық әдебиеттермен көп жұмыс істейді, қажетті материалдарды іздейді, сұрақтар құрастырады. Саяхат ойындағы ең бастысы – жарыс емес, таным.

Мақсаты: Экологиялық тәрбие бағдарламасын әзірлеу.

Міндеттері:

1 Мектеп ұжымын жобаға қатысуға жұмылдыру.

  1. Жоба тақырыбы бойынша теориялық дерек көздерді зерттеу.
  2. Экология бойынша ойын сабақтардың тиімділік критерийін және әдістемесін әзірлеу.
  3. Бағдарламаның құрлымы мен мазмұнын әзірлеу.
  4. Ойын динамикасын,ойын атмосферасы,ойын нысандары сияқты модульдерді енгізе отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бағдарлама әзірлеу.
  5. Бағдарламаны жас топтары бойынша байқаудан өткізу.
  6. Бағдарламаны түзету.
  7. Біздің мекемеде экологиялық білімнің төмен екендігі анықталды. Талдау барысында біз келесі себептерді анықтадық.
  8. Экология бойынша тәрбиелеу үрдістерін қамтамасыз ету үшін, тиісті әдебиеттердің және оқу құралдарының жетіспеушілігі.
  9. Экологиялық тәрбие барысында ойын технологияларды қолданудың жүйелі болмауы.

 

Экология бойынша ойын-сабақтардың тиімділік критерийі:

  1. Мектеп оқушыларының маңызды қасиеттерін, соның ішінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
  2. Ойын-сабақтарын ізгіліктендіру және демократияландыру;

 

  1. Экология бойынша ойын – сабақтарының негізгі қызметтері.

Экология бойынша ойын- сабақтарының оқу үдерісіндегі, ойын элементтері мен оқуды үйлестірудегі орны мен рөлі көбіне мұғалімдердің ойынның міндеттері мен мақсаттарын түсінуіне байланысты болады. Экология бойынша ойын- сабақтарының ең маңызды қызметтерін бөліп көрсетейі

2.Өзін- өзі әрекетке араластыру қызметі.

Ол баланың өзін тұлға ретінде әрекетке араластыруы үшін өте маңызды. Ойын- сабақтарының үдерісі дегеніміз – тұлғаның өзін- өзі әрекетке араластыру кеңістігі, адамдарға қатысты мәселелерді ашу.

3.Коммуникативтік қызмет

Экология бойынша ойын- сабақтары баланы күрделі адами өзара қарым- қатынастың, өзара ұғынысудың, өзара бағынудың астарын түсінуге жетелейді.

4.Терапиялық қызмет

Ойын- сабақтары баланың қоршаған ортамен, оның ішінде табиғатпен қатынас жасау үдерісінде туындайтын әртүрлі қиыншылықтарды жеңу үшін пайдаланылуы керек және қажет. Тек осы табиғатпен өзара қарым- қатынаста болу тәжірибесі ғана терапиялық күшті әсер береді.

5.Ойын-сабақтардың мәдени- әлеуметтік бағыты.

Ойын – баланы әлеуметтендірудің ең мықты құралы, бала ойын арқылы қоғамда қалыптасқан мәдени байлықты, рухани құндылықтарды игереді.

6.Ойын- сабақтарының көңіл- көтеру қызметі.

Экология бойынша ойын- сабақтарының көңіл көтеру қызметі жайлылық тудырумен, қолайлы атмосферамен, адамның талаптану деңгейінің іске асырылуымен байланысты.

7.Ойынның диагностикалық қызметі

Психологиялық блок:

— кешенді диагностика, тұлғаның жағдайы мен даму мониторингі;

— психологиялық түзету;

— психологиялық кеңес беру, мүмкін болатын эмоционалдық тұлғалық бұзылулардың алдын- алу;

— кәсіби бағдар беру жұмыстары;

— балаларға психологиялық білім беру.

8.Әлеуметтік- педагогикалық блок:

— мектептік, әлеуметтік, мәдени бейімделу қиыншылықтарының диагностикасы, бейімделе алмау  себептерін анықтау;

— қажетті педагогикалық- түзету қызметін көрсету;

— бірігіп атқарылатын әрекеттерді ұйымдастыру

Күтілетін нәтижелер:

  1. Экологиялық тәрбие бойынша ойын технологияларын қолдану жөніндегі педагогтардың хабардарлық деңгейі өседі;
  2. Экология бойынша ойын сабақтарының құрылымы және оларға қойылатын талаптар жасалатын болады;
  3. Жобаны түзетуге байқау жүргізілетін болады;
  4. Тәрбиеленушілердің экология бойынша білім деңгейі өседі.

Төмендегі іс- шаралар арқылы кемшіліктерді жою жолдары ұсынылады:

  1. Ойын технологияларын, яғни түрлендірілген сабақтар әзірлеу;
  2. Әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру: мониторингтер, дөңгелек үстел, экологиялық тәрбиедегі ойын- сабақтар тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибелері бар мекемелерге бару;
  3. Экологиялық ойындарды енгізу мәселелері жөніндегі курстарда біліктілігін арттыру;
  4. Мекеме басшылығымен, демеушілермен бірге материалдық- техникалық базаны жақсарту.

 

Жобалық жұмыс жоспары

 

ТапсырмаларЖұмыс түрлеріЖауаптыларМерзімі
1. Мектеп ұжымын жобаға қатысуға жұмылдыру1.Жобаның тұсаукесерін өткізу.

1.1.тұсаукесер үшін материал даярлау;

1.2.тұсаукесер үшін уақыт белгілеу;

1.3.аудиторияны дайындау;

1.4.жобаның негізгі ережелерімен, мақсатымен, міндеттерімен, күтілетін нәтижелерімен таныстыру;

1.5.шығармашылық топ құру.

 

 

 

 

 

Жобалаушылар, оқу ісінің меңгерушілері

 

 

 

 

 

Қыркүйек

2.Жобаға тақырыбы бойынша теориялық дереккөздерді зерттеу2.1.дереккөздерді іздеу,

2.2.технологияларды іздеу;

2.3.ақпаратпен алдын-ала таныстыру;

2.4.әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру:семинарлар, дөңгелек үстел.

 

Кітапханашы, шығармашылық топ

 

Қазан

3.Экология бойынша ойын сабақтарының тиімділік критерийі мен әдістемесін әзірлеу.3.1.критерий әзірлеу;

3.2.әдістеме әзірлеу.

 

Шығармашылық топ

 

Қараша

Желтоқсан

4.Бағдарламаның құрылымы мен мазмұнын әзірлеу4.1.жас ерекшеліктері бойынша бағдарламаның құрылымы мазмұнын әзірлеу;

4.2.талқылау;

4.3.жобаны түзету.

 

 

Мұғалімдер, шығармашылық топ

 

 

Желтоқсан

5.Бағдарлама әзірлеу5.1.дәйекті мазмұн, тақырыпты пысықтауМұғалімдер, шығармашылық топАқпан

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Керимбаев Р. «Дидактикалық ойындар» Қазақстан мектебі ½ 2006 жыл стр 62-68
  2. Пидкасистый П.И. Кайдаров Ж.С. «Технология и игры в обучении и развитии» М:98 стр 162
  3. «Дом в котором я живу» журнал 2004г. стр 57.

Қомарова Г.Қ.,
Рахимжанова. Г.Х.,
ДШБАО №3 арнайы
мектеп-интернатының тәрбиешілері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.