Home » Балабақша » Тәрбиеші – балабақша жүрегі

Тәрбиеші – балабақша жүрегі

Жаныңда жүр жақсы адам жобасының бүгінгі кейіпкері балаға бар жақсыны аямайтын мейірімді тәрбиеші, мамандығының майталманы, өз ортасына беделді I санаттағы педагог-психолог Жұбаналина Нұргүл Айтуғанқызы.
Нұргүл Жұбаналина 1972 жылы берекелі наурыз айының 18-жұлдызында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүние есігін ашқан. Балалық шағы өткен сол Жарқамыс ауылында  Жарқамыс орта мектебін үздік нәтижемен бітіреді. Орта білімнен кейін Ақтөбе педагогикалық училищесінде мектеп жасына дейінгі мекемедегі тәрбиеші мамандығын алып шығады. 2006 жылы өз білімін жетілдіру мақсатында Алматы қаласындағы Қайнар университетінің педагог-психолог мамандығы бойынша оқып, аяқтайды. Бүгінде Ақтөбе қаласы №44«Тұлпар» МДҰ тәрбиеші, педагог-психолог болып қызмет атқарып келеді. 2017 жылы  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталықтан білімін қосымша жалғастырды. Жердегі жұмақ мекені балабақшада еңбек етіп жүргеніне 20 жылдай болып қалды. Нұргүл Айтуғанқызы өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап қана қоймай, алғыр ойларымен бөлісіп, төз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби, шығармашылық байқауларға белесене қатысып отырады. Ол кісінің  ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдары республикалық, облыстық баспа беттеріне шығып тұрады.
Балабақшада тәрбие — барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Тәрбиеші — балабақшаны бақша деп алып,  келген бала  гүл болса,  онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан.Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші.  Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие  беретін  отбасынан кейінгі екінші анасы. Балаларға әрқашан қамқор болып, ешқашан жұмыс істеуден шарамайтын жандардың бірі Нұргүл Жұбаналина балабақшада ұзақ жылдардан бері қызмет жасайды. Тәрбиеленуші бойына білім нәрін меңгеруіне, жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін жүлделі дипломдар мен алғыс хаттарымен марапатталып келеді. Атап айтар болсақ Республикалық конкурстардан, Қалалық байқаулардан «Ізденімпаз тәрбиеші», «Құрмет грамотасы», «Үздік тәрбиеші» сынды түрлі номинациялары айта берсек жетерлік. Сонымен қатар Республикалық фото және көркемсурет байқаулары және Республикалық қолдан жасалған бұйымдар сайысы бойынша жыл сайын балалары биіктерден көрініп келеді. Облыстық,қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға, іс шараларға барынша атсалысуға тырысамыз, балаларым жетістікке жетіп, еңбектері бағаланса, бізге одан асқан қандай марапат керек — дейді Нұргүл Жұбаналина.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші бүгінгі кейіпкер туралы өзгелердің айтқан пікірлерін тыңдап көрдік.

№44 «Тұлпар» балабақшасы меңгерушісі Р.Лекерова:
— Кез келген адам ұстаз бола алмайды, ол үшін адамда шыдамдылық, мейірімділік, балаларға деген сүйіспеншілік, өмір бойы жаңа нәрсені білуге ықтияры болуы керек. Тәрбиеші Жұбаналина Нұргүлдің бойынан осы қасиеттерді көруге болады.Сонымен қатар педагогтың өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық деңгейдегі үйлесімді қасиеттері бар.

№44 «Тұлпар» балабақшасы әдіскері М.Әлжанова:
— Нұргүл Айтуғанқызы – тыным таппайтын, шыдамды, адамгершілігі мол, жауапкершілігі өте жоғары қызметкер. Әріптестермен тату. Оның әрбір ертеңгіліктеріғ оқу-қызметтері әр түрлі және қызықты өтеді. Бұны қызметіне деген қызығушылыған көруге болады. Балабақшадағы әкімшілік тарапынан берілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарап, тиянақты және уақытында орындайды. Жұмыс барысында оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана біледі.

Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.
Ата-ана Г.Камалярова: — Менің балам Нұргүл апайдың тәрбиесіне 3 жастан бастап барады. Нұргүл Айтуғанқызы баланың тілін, жан-дүниесін түсінетін, білім мен тәрбиені ұштастыра білетін, бүлдіршіндерге аса қамқор, жанашыр ұстаз. Өзіне тән табиғи көркем мінезімен, биязылық, жоғары сөйлеу мәдениетімен балаларды да ата-аналарды да баурай алады. Осындай білікті маман иесімен  баламыз да тез тіл табыса білді және де балабақшаға бару құлшынысы жоғары. Осындай тәрбиешілер көп болсын.
Тәрбиешілер  елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін анасынан кейінгі  сіңірушісі, үйретушісі. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген ұлы Абай.

Фариза Оңғарсынова

Тәрбиеші

Ән салғызып, билетіп, ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп, ойната да біледі.
Қызық-қызық ертегілер біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді
Бастап бізді далаға, серуенге де шығады.
Біз шомылсақ жағада байқап өзі тұұрады.
Кішкентаймыз әлі біз, үлкендерге сенеміз.
Бұл тәтені бәріміз сыйлап, жақсы көреміз.
Естіп кейде қаламын, тәрбиеші апайды
«Қамқоршысы баланың» деп ауылда атайды.
Бала тәрбиесі, оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын М.Жұмабаев айтқандай «Тәрбие-адам баласын кәмелет жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» — деген екен.Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз, – деп сөзін қорытындылайды Нұргүл Айтуғанқызы. Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде.

Айтуғанова Гүлия,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.