Home » Жаңалықтар » Шығармашылық әлеуетіміздің көтерілуіне ықпал еткен шара

Шығармашылық әлеуетіміздің көтерілуіне ықпал еткен шара

2017 жылдың 13 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ДБО тренерлері Р. Нұрова мен Б. Қараева Атырау қаласында өткен «Рухани-адамгершілік тәрбие: мазмұндық-әдістемелік аспектісі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысып қайтты. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясында өткен бұл шараға республикамыздың Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының өзін-өзі тану пәні мұғалімдері, тренерлері қатысты. Рухани-адамгершілік тәрбиелеу және дамыту бағдарламасын іске асыруда озық тәжірибені тарату арқылы білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету және өзекті мәселелерді бірлесіп іздестіру мақсатындағы республикалық семинардың практикалық бөлімі 3 секцияда жұмыс жасады.

«Мұғалімнің рухани кемелденуі – өзін-өзі тану сабағының негізгі шарты, оқыту интеграциясының факторы» тақырыбындағы ІІ секцияда «Біліктілік арттыру жүйесі жағдайында педагогтің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында Р. Нұрова, «Өзін-өзі тану – жаңа заманның педагогикасы» атты І секцияда «Біліктілік арттыру курсы аясында педагогтің кәсіби дамуын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында Б. Қараева баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, ПҚ БАИ ДБО тренері Р. Нұрова «Мұғалімнің рухани кемелденуі – өзін-өзі тану сабағының негізгі шарты, оқыту интеграциясының факторы» тақырыбындағы ІІ секцияда модератор болды. Секцияға қатысқан 21 жұмыста өзін-өзі тану мұғалімдері рухани-адамгершілік тәрбие беруде аңыз-әңгімелерді қолдану әдістерін, өзін-өзі тануды өзге пәндермен ішкі интеграциялаудың жақсы мысалдарын, сыныптан тыс шаралардың үздік үлгілерін ұсынып, ортаға салды.

Семинар жұмысы ұлттық гимназия көркемөнерпаздарының концерттік номерлеріне ұласып, белсенді қатысушыларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры М.Ғалымжанованың марапаттауымен аяқталды. Семинар жұмысын ұйымдастыруда Деңгейлік Бағдарламалар орталығы бөлімі мамандарының еңбектері ерекше болды. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренерлер Айжан Құлниязова мен Дидара Даумованың семинар жұмысын ұйымдастырудағы белсенділіктеріне қатысушылар ризашылықтарын білдірді.

Семинар шығармашылық әлеуетіміздің көтерілуіне ықпал еткен шара болды. Атыраулық әріптестерімізге өте ризашылық сезіммен облысымызға оралдық.

 

Р. Жұмажанқызы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Маңғыстау облысы бойынша

ПҚ БАИ ДБО тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.