Home » Балабақша » Шебер- сынып

Шебер- сынып

«Ойын стретчингі — балабақшадағы сауықтыру әдісі»

Мектепке дейінгі балалардың заманауи денсаулық  сақтау технологиясының бірі, ол — стретчинг. Стретчинг ағылшын тілінен аударғанда «созылу» деген мағынаны білдіреді.  Стретчинг біздің өміріміздің басынан бізбен бірге жүретінін байқамаймыз. Дүниеге келу, тыныс алу, жымию, дененің кез келген қимылы – ол созылу. Созылу – ол икемділік, икемділік- ол жасару, ал жасару- ол денсаулықтың мықты болуы. Ал денсаулық – ол көтеріңкі көңіл- күй және өз-өзіне сенімділік.

Біздін жұмысымыз балалармен байланысты болғандықтан, оларға қызықты болу үшін ойын стретчингің қолданамыз. Балалар ойын түрінде стретчинг жаттығуларын үйренеді. Барлық бұлшық етті қамтитын жаттығу балаларға жақын әрі таныс жануарлар атымен көрсетіледі және ертегі кейіпкерлері негізделген сюжеттік рөлдік ойын түрінде орындалады. Ертегі әлемінің таныс бейнелері күрделі дене шынықтыру жаттығуларын оңай орындауға мүмкіндік береді. Жаттығулар омыртқа ауруларын, майтабанды  алдын алуға және дұрыс дене бітімін қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар бала төзімділікке үйренеді, талпыну қабілетті қалыптасады.  Жаттығулардың кайталауы 4-6 рет балалардың жас ерекшіліктеріне сай болу керек.                                                                                                                                  Стретчингтің негізгі ережелері:

1. Жаттығулар алдында денені қыздыру

2. Жаттығуларды  жай, баяу орындау.

3. Денені тік ұстау

4. Еркін тыныс алу.

5. Созылу жаттығулары дененің екі жағына бірдей жүйелі түрде орындалу керек.

Қай жерде ойын стретчингін қолданса болады?  Ойын стретчингін дене шынықтыру оқу қызметінің барысында, ұйқыдан ояну кезіндегі жаттығуларда, сабақтан тыс жұмыста, ҰОҚ арасында сергіту сәтіне қолданса болады.

Алдымен  «Дәндер» жаттығуы орындалады.

Мақсаты: баланың ағзасын негізгі жүктемеге дайындау.(Б.қ.: саусақтарды айқастыра қолды алдыға созып, денені сәл алдыға еңкейіп жүрелей отыру.1-жай тік аяққа тұру, 2- қолды бастан асыра көтеріп, омыртқаны созып тұру).

     «Аңдардың таласы» ойын стретчингінің жаттығулары

Жылан                                                             

Тасбақа                                             

Теңіз жұлдызы                                                                                                                 

 Бақа                                                                                                                    

  Мүйізтұмсық                                                                                                        Жұлдызқұрт                                                                                                                           

        Бір күні аңдар  «Кім өзін мықты  қорғай алады?» деп таласыпты. Ең бірінші жылан шығып: «Менің уым өте мықты, бір шаққаннан жауымды құлатам»- дейді. Аңдар жыланмен келіседі. (Б.қ.: аяқты біріктіріп, қолымен кеуде тұсынан еденге тіреп  етпетінен жатып. Қолымызды  еденге тіреп, алдымен басты, содан соң кеудені көтереміз. Мүмкіншілігінше артқа шалқаю, басты қатты артқа шалқайтпау. Сәл кідіріп, жай б.қ. келу.)

Екінші тасбақа шықты: «Мен өзімнің сауытыма жасырынғанда, ешкім мені байқамай қалады»(Б.қ.: тізерлеп отыру, қолды жоғары көтеріп, алақандарды біріктіріп. Маңдаймен алақандардын шеті  еденге тигенше жай төмен еңкею. Сәл уақыт кідіріп, б.қ. келу)

Осы кезде су бетіне теңіз жұлдызы қалқып шығып, «мені ешкім ренжіте алмайды, өйткені мен жай жұлдызшаға ұқсаймын. Мені ренжіту немесе жеп қою ешкімнің ойына да келмейді. (Б.қ.: тік тұрып, аяқ иық деңгейінде, қолды  екі жаққа созып, аяқ пен қолды бүкпей жай оңға иілу. Оң қолмен оң аяққа тигізіп, созылған сол қолдын алақанына қарау. Керегінше тоқтап қалып, осылай сол жаққа орындау).  Бір кезде  Бақа бақылдап : «Менің түсім жасыл, сондықтан ешкім мені не шөптің, не жапырақтардың арасынан  таба алмайды, және де мен ешкімге жеткізбей жылдам секіре аламын».  «Дұрыс» — деді аңдар. (Б.қ.: тік тұрып, аяқ сәл алшақ, аяқтың ұшын созып, алақанды біріктіріп, шынтақты созып,  кеуде тұсына алып келіп, аяқтың ұшын алшақ ұстап, жүрелеп жай отыру, сәл уақыт кідіріп б.қ. келу.)                                                                              Мүйізтұмсық  ауыр аяғымен жерді теуіп былай дейді: «Қарандаршы менің мүйізіме, барлығы менен қорқады. Мен ең күштімін!» (Б.қ.:шалқайып  жатып, қолды желкеге ұстап, . Бас, иық пен қолды көтере, оң аяқтың тізесін сол қолдың шынтағына тигізу, екінші аяқ еденде. Керегінше тоқтап б.қ. келу. Осыны сол аяқпен де орындау).

Жұлдызқұрт  жай сыбырлап: «Мен баяу жорғаласам да, өзімді қорғай аламын, мені шөптердің, жапырақтардың арасынан ешкім байқамайды»-

дейді. (Б.қ.: қолмен артқа тіреп, аяқты бүгіп отыру. Тізені бүгіп, бірге ұстап, өкшені жаңбасқа жақындату.

Мүмкіндігінше аяқтың башпайларын қимылдату арқылы жылжу. Осылай б.қ. келу.)

Осылай аңдар  әр қайсысы өзін — өзі қорғай алатынын дәлелдеп тарасты.

Кораласбаева Дана Касымбековна

Тараз қаласы,

№16 балалар бақшасының

I-санатты денешынықтыру нұскаушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.