Home » Балабақша » «Бояулар сыр шертеді». Ата-анамен бірігіп өтетін тренинг

«Бояулар сыр шертеді». Ата-анамен бірігіп өтетін тренинг

Білім беру аймағы: Шығармашылық. Қатынас. Әлеуметтік орта.Таным. Денсаулық

Бөлімдері: Бейнелеу.

Мақсаты:

Ата-аналарға бейнелеу терапиясы туралы ұғым беру; маңыздылығын ашу.

Бейнелеу терапиясы түрлерімен таныстыру, тиімділігін  тәжірибеде пайдалану;

Танымдық үрдісін және өзінің ішкі әлемін түсіну қабілетін, өз-өзінің сенімділігін, қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.

Өзінің ішкі әлемін түсінуге тәрбиелеу.

Ата-ананың достық қарым-қатынасын қалыптастыру.

Ұжыммен жұмыс жасауға үйрету.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, шығармашылық тапсырмалар, пікір алмасу.

Құрал жабдықтар: Үнтаспа, ватман, бояулар-акварель,гуашь, маркер,ақ парақ қағаздар,қалам,губка,майшам,паралон,сабын,щётка, мольберттер, лента,фартук және көрмеге қойылатын суреттер.

Тренингте өтілетін іс-әрекет:

 1.Баяндама.

2.Викториналық сұрақтар.

  1. «Бояулар жәрмеңкесі»

4.Шебер сынып.

5.Ұжымдық жұмыс.

6.Қортынды

7.Пікір бөлісу.

Өту барысы.

Музыка ойнап тұр.

Ата-аналар көрмені аралап көреді.

Тәрбиеші ата-аналарды  екі топқа бөліп отырғызады.

Жылулық шеңбері (Бір-біріне жылулық силау)

Құрметті ата- аналар, әріптестер, бүгінгі «Бояулар сыр шертеді» атты

тренингке хош келдіңіздер!

1.Баяндама.

1.Бейнелеу терапиясы: Арттерапия — бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді.

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу-ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі — ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады

Сурет салу технологиялары:

1.Бояумен.

2.Түр-літүсті қаламдар.

3.Жай қаламмен.

4.Бормен

Дәстүрден тыс сурет салу және оның құрал жабдықтары:

1.Сабынмен сурет салу.

2.Щёткамен сурет салу.

3.Майшаммен сурет салу.

4.Паралон бөліктерімен сурет салу.

5.штамп.

  1. Бөлім. Викториналық сұрақтар.

1Алемге танымал суретші. Леонардо Да Винчи.  (Мона Лиза туындысының авторы)

2Танымал  суретші қазақ қызы. (Г.Исмаилова)

3.Пейзаж

Көрсеңіз өзен көлді салынған,

Ол қара ағаш па, әлде шырша ма?

Тиін асыр салып ойнаған.

Осы жанр қалай айтылады?

Кәне, кім айта алады?

4.Натюрморт

Егер сен көрсең суреттен,

Алма салған табақты.

Сусын құйған ыдысты.

Немесе хрустальдағы розаны.

Суреттің қай жанры деп ойлайсыз?

Слайд арқылы суретшілердің туындылары көрсетіледі.

Композиция: «Бояулар жәрмеңкесі».

Алты түсті лента ұстаған қыздар тұра қалады.

Ортаға суретші шығады.

Мольбертке жақындап, қандай сурет салсам екен деп, ойланып тұрады. Қолындағы қылқаламмен қыздарды оятып, суреті дайын болады.

  1. Бөлім. Тәрбиеші: «Бояулар жәрмеңкесі» ашық деп жариялаймын.

Бөлініп отырған екі топқа ат береді.

« Жылы түс» және «суық түс» деп.

 «Шебер сынып».

Тәрбиеші: Мен қазір сіздерге дәстүрден тыс сурет салып көрсетемин..

1-тәсіл: Мен қазір ақ парақтың бетіне майшаммен ракета және кішкентай жұлдызшалар саламын.

2-тәсіл: Сұйық көк бояуды алып, губкамен бояп шығамын.

3-тәсіл: Гуашь бояуымен щёткадан шашыратамын.

Осы тақырып бойынша жәрмеңкеден өздеріңізге керекті бояуларды сатып алыңыздар.

«Жылы түстер» тобы — ақ,қызыл,жасыл,сары яғни ашық түстерді таңдайды.Ал, «Суық түстер» тобы – қара,көк,қоңыр т.с.с. таңдайды.

Тәрбиеші бояудың түстері туралы түсінік береді.

Суреттің түрлері: пейзаж, натюрморт, графика, дәстүрден тыс,т.с.с. түрлерін пайдаланып салсаңыздар болады.

Осы көрмедегі жанр бойынша өздеріңіздің ой-қиялдарыңызбен жұмыс жасайсыздар.

Шарманка  шығады.

Бояу алыңыздар, бояу алыңыздар,

Түрлітүсті бояу бар.

Қолға алсаңыз болғаны,

Ғажайыпты көресіз.

Сырға толы сиқырлы,

Бояулардың әлемі.

Ата-аналардың ұжымдық жұмысы.

                         Сергіту сәті: «Саусақ жаттығуы»

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүргізеді қаламды.

Он саусағым орамды ақ,

Қала салсақ жол салсақ.

III. Бөлім. Рефлексия.

Тәрбиеші: Сурет салу арқылы қандай әсер алдыңыздар?

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Қандай сезімде болдыңыз?

Таңы да сурет салғыңыз келе ма?

Қатысушыларды шеңбер жасатып отырғызып, алған әсерлерімен бөлісу.

ҮІ. Қорытынды

Сабақ соңында қатысушылар өздерінің көңіл күйлерін білдіретін смайликтер жапсырады..(Үлкен жүрекке көңіл күйлеріне байланысты смайликтер жапсыру).

Тренингтің соңында балалар бақшасының меңгерушісі Д.Е.Салқынбековаға  және әдіскер Г.Қарабай қызына сөз беріледі.

Екі – үш ата-анаға сөз беріледі.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, уақыт тауып келгендеріңізге көп рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!

 Накипова Бану Жамбуловна

Тараз қаласы,

№16 балалар бақшасының

I-санатты тәрбиешісі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.