Home » Балабақша » Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту.

Цифрландыру – бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту.

Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік » атты Қазақстан халқына жолдауы еліміздің болашағы үшін кейбір мәселелерді көтерген атаулы құжаттың бірі болғандығы бәрімізге мәлім. Цифрлы технология барлық білім салаларында жаппай компьютерлендіруді қолға алған болатын. Компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Кез келген жұмыс компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болғандықтан, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында 02.07.2018 жылы Баянды ауылы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен оқыту семинары өткізілді. Семинарға «Казпочта» АҚ басшысының орынбасары М.Габдулкалиев, Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының жетекші маманы Ұ.Т.Алпанова және Халыққа қызмет көрсету бойынша Ақтау қалалық №1 бөлімінің маманы С.М.Мұратқали қатысып, ашық бюджет,ашық деректер «E – gov» порталы , жалпы ауыл тұрғындарының сауаттылығын арттыру мақсатында ашық үкімет, ашық деректерді қолдануға, тауарлармен қызметтерді онлайн сатып алу сияқты көптеген түсіндірме жұмыстарымен таныстырды. Қазіргі заман ағымына қараай барлық жүйе электронды жүйеге көшуде.Сондықтанда №7 «Айналайын» балабақшасы да балаларға жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі кезекке қою үшін электронды үкімет негізінде автоматтандыру бойынша ата-аналармен бірге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Цифрландыру –бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуда және халқының тұрмыс сапасын жақсартуда бағытталған бірден-бір жаһандық үрдіс. Болашақ ұрпағымыздың табысты іргетасын қалау үшін осындай үрдістерге бүгіннен бастап бел шешіп кірісуіміз керек.

 

 Айтимова Гулжан
Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы
№7 «Айналайын» балабақшасы
әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.