Home » Балабақша » Жаңашылдыққа жаршы болу парызымыз.

Жаңашылдыққа жаршы болу парызымыз.

Ақтау қаласы, Мұнайлы ауданы
№7 «Айналайын» балабақшасы
тәрбиешісі: Джақсығалиева Гулбаршын.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» демекші, қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу сияқты тәрбие негізінің бастау бұлағы — мектепке дейінгі ұйымдардан басталатыны баршамызға белгілі. Жаңа инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өміріне кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуына бірден бір таптырмайтын үрдіс деп айта аламын.Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техника да, оның басқару жүйесі де өзгеріп отыратын болғандықтан, мамандардың қызметі жаңарып, жаңа мақсат , жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді туындатады. Мен де тәрбиеші болғандықтан балабақшадағы балаларымның жеке қабілеттерін ашу, жеке тұлғаны дамыту мақсатында жаңа технологиялардың кейбір элементтерін қолданып, оқу қызметтеріме ендіріп отырамын. №7 «Айналайын» балабақшасындағы педагогтар жаңа технологияларды дамыта отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру мақсатында, жаңа технологияларды меңгерту курстарына қатысып, білімдерін жетілдіріп отырады. Тәрбиелеу мен білім беру әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылатындықтан әрбір оқу қызметімде балаларға ойынның әр түрін ұйымдастырып, бір-біріне деген қайырымдылық,мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін оята отырып тәрбиелеймін. Бала болашағымыз болғандықтан, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет – қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Балабақшамызда жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде технология элементтерін пайдалана отырып, болашақ тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға етіп тәрбиелеу басты парызымыз деп білемін. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие беруде тәрбиешілердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі.Жас ұрпақты рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұның құру – жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі деп ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.