Home » Жаңалықтар » Халықаралық робототехника фестиваліндегі алған алтын

Халықаралық робототехника фестиваліндегі алған алтын

Қарағанды қаласының «Жастар» спорт кешенінде 2017 жылдың 22-23 сәуір күндері Қазақстанның барлық облыстарынан және ТМД елдерінен 900-ге жуық қатысушылар жиналған, RoboLand-2017 робототехникасынан ІІІ Халықаралық фестивалі болып өтті. Жарыстар 23 категория бойынша, оның ішінде Қазақстан үшін экзотикалық болып саналатын роботтардың судағы түрлері, билейтін андроидтар жарыстары, виртуалды шындық және вадрокоптер биіктіктерінен болды.

Ашылу салтанатында фестивль қатысушыларының алдында құттықтау сөзімен ҚР білім және ғылым министрі Е.Сагадиев сөйледі. Фестивальдің қонақтары мен көрермендеріне арнап екі күн бойы білім беретін робототехникадан, 3Д модельдеуден, андроидты роботтардан мастер-класстар өткізілді.

Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенті Поморзин Антон (жетекшісі Смирнов Е.А.) 3D-прототиптеу категориясы бойынша фестивальдің алтын жүлдесіне ие болды. Тапсырмаға сәйкес, қатысушылар берілген уақыт ішінде фестивальдің ресми логотипінің көлемді моделін 3D принтерінде басып шығаруы және жасауы керек болатын. Антон өз жұмысына ең көп 123 баллалды және турнирдік кестенің жеңімпазы атанды болды. RoboLand фестиваліндегі бұл біздің балалардың екінші жеңісі: былтырғы жылы Антон  Павлодар командасының құрамында шығармашылық категориясында 2 орынды жеңіп алған болатын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.