Home » Жаңалықтар » Физика пәні  мұғалімдері  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту курсында

Физика пәні  мұғалімдері  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту курсында

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты физика пәні мұғалімдері үшін «Физика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында біліктілік арттыру курсын ұйымдастыруда.

Курс физика пәні мұғалімдерінің заманауи технологиялар, оның ішінде, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялар негізінде оқу материалының мазмұнын, оқыту формалары, әдіс-тәсілдері мен құралдарын іріктеуге байланысты жобалау жұмысын іске асыру үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Білім  беру мазмұнын жаңарту талаптарына сәйкес физиканы тиімді оқыту мен оқуды құрылымдау үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған курсқа Атырау қаласы мен  Жылыой, Қызылқоға, Индер, Исатай, Махамбет аудандары  мектептерінен мұғалімдер қатысуда.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.