Home » Жаңалықтар » Елбасы жолдауы  курсішілік дөңгелек үстелде талқыланды

Елбасы жолдауы  курсішілік дөңгелек үстелде талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары үшін  «Мектепке дейін ұйым педагогтарының беделін арттырудағы жаңашылдық» тақырыбында курс ішілік дөңгелек үстел өткізді.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің  кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру,  жолдау аясында іске асырылатын жұмыстармен  таныстыру мақсатында ұйымдастырылған  дөңгелек үстелге 26 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатысты.

Дөңгелек үстелде тыңдаушыларға Елбасының жолдау мақсат, міндеттерін түсіндіріліп,  Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартуға аса мән беріліп тәрбиеленуші мен тәрбиешілерге басты назарда қойылып отырғандығы айтылды.

Дөңгелек үстелде бүгінгі таңдағы педагогтың рөлі, мәртебесі мен педагогикалық мәдениетті дамыту және арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіру, педагогтың құндылық бағдарын, өз мамандығын жетік, педагогикалық-психологиялық сауатты, ақпараттық коммуникативтік технологияларды меңгерген сонымен қатар жаңашылдыққа ұмтылу жолдарына тоқталып ой бөлісіп, сұрақ-жауаптар талқыланып, өз баяндамаларын айтып, ұсыныс пікірлерін білдірді.

 

«Өрлеу» Атырау баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.