Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арнау
Қазаққа жақсы атың қалды Төре деген,
Төлеген деген кім десе Төре дер ем.
Ел мақтаған ақындарға мың алғыс,
Аналарды құрметтеуді үйреткен.
Келді міне 80-жасы атамыздың,
Ақын əрі кемеңгер, данамыздың.
Қалдырған отты өлеңдер жалын жырлар,
Мұра болған ізімен бабамыздың.
Ақын жырын жазады жас дəуренді,
Махаббатқа, сезімге толы өлеңі.
Жастайынан танылған дарынымен,
Ақын жырын оқиды сүйіп елі.
Төлеген ағамызбен мақтанамыз,
Өлеңдерін оқимыз, үлгі аламыз.
Қазақтың қара өлеңін асқақтатқан,
Төлеген Айбергенов ұлы ағамыз.
Ей қазағым, тойла, жырла жатпаңдар,
Ұлы ағаның ізгі жолын сақтаңдар.
«Бір тойым болатыны сөзсіз» деген
Сексен жас тойын тойлап мақтаңдар.
Құндыз Серікқызы Нақышова,
Қалжан ахун атындағы
№126 қазақ орта мектебінің оқушысы
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы