Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмыстар

Бастауыш сынып оқушыларының креативтілік қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмыстар

Аннотация. Бұл жұмыста оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратын, оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз ететін шығармашылық — зерттеу жұмыстарының нәтижесі анықталады. Жұмыста шығармашылыққа баулудың әдіс-тәсілдері мен жағдайларының жолдары, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері ұсынылады. Шығармашылыққа баулудың нәтижесі, алған білімін толықтырып, кеңейтіп, жоғары деңгейде ойлайтын, өзіндік идеясын жүзеге асыруда пікірі мен тұжырымын дәлелдей білетін, саналы түрде рефлексивті әрекетке түсе алатын, креативтілік қабілеті дамыған тұлға шығатынын айғақтайды.

Кілттік сөздер: Мінездеме, мағлұмат, салыстыру, менін, менің, креативтік, шумақтар, кейіпкер, ертегі, мәтін, ой шапшаңдығы.

Бүгінгі күннің талабы бойынша оқушыларды жаңа ақпараттық технологиямен және оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, ең тиімді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың креативтілік қабілеттерін арттыру білімнің сапалы болуына ықпал етеді.                                                                                                                                                                                                                                  Креативтілік – ағылшынның «Creativity» сөзінен аударғанда шығармашылық деген мағынаны береді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» креативті тұлғаға жетелеу. Креативтілік дегеніміздің өзі іздемпаздықтан туады. Кереативтілікті баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Уақыт талабына сай оқушылардың креативтілік қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс.

Мұғалім ең алдымен:                                                                                                                       — сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек;                                                                                                                                                                 — әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі тиіс;                                                                                                   — оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;                                                                                                                                                                -шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мыналар:

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу /ребус, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б./

  1. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс/ кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру,т.б.
  2. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;

  1. Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;
  2. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау;

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

Әр түрлі кездесулер өткізу.

Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу және дүниетану пәндерін кіріктіре өткізіп, берілген тақырыптардағы шығармаларды талдау білім алушылардың өздерінде де қызығушылықтарын арттырады. Мысалы: дүниетану пәнінде берілген мәтіннен етістіктерді теріп жазуларын ұсындым. Осы тірек — сөздер арқылы мәтінді жаңартты. Сондай-ақ шығармадағы түсініксіз сөздерді «түртіп» алады да жұп-жұппен талқылайды. Келесі кезекте жұптар басқа жұптармен топтасып өзара талдайды да пікірлерін ортаға салады.

Оқушылардың қызығушылықтарын бес жолды өлең, пікір, эссе жазу арттыратыны айқын. Мысалы, «Әке» сөзіне өлеңді былай жазады:

Әке

Қорғайды, еркелетеді

Күшті, батыл, ержүрек

Әке – баланың қорғаны

Асқар тау!

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі.

Оқушыларды креативтілік бағытта жан-жақты дамытуда, тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі уақытта заман талабына сай тұрған үлкен мақсаттың бірі – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген          М. Жұмабаев болатын. «Ойлау – жанның өте бір қиын терең ісі» – дей келе тәрбиеші баланың ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тұрғанбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық /Алматы — 2007
  2. Бастауыш мектебі №7-8 [14-23]
  3. Морозов А.В. Диагностика креативности –М.,2002

Дәуленова Жанат Болатовна,
Бастауыш сынып мұғалімі,
«Нұра ЖББОМ» КММ,
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.