Home » Мақалалар » Тиімді тәжірибе алмасу

Тиімді тәжірибе алмасу

Павлодар қаласының №39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігі ұстаздарына «Диалогтік оқыту. Зерттеушілік әңгіме – ойлау қабілетін дамыту құралы» атты коучинг өткізу тәжірибеммен бөлістім. Мақсатым: «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» курс бағдарламасы бойынша алып жатқан білімім мен іс тәжірибеммен бөлісу болатын.

Коучинг барысында мұғалімдер диалогтік оқыту, әңгіме түрлерін терең зерттеп меңгерді. Зерттеу барысында зерттеушілік әңгіменің тиімді екендігіне көз жеткізді. Коучинг үстінде коучилер көптеген оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін іс жүзінде қолдануға жаттықты. Атап айтсам, «Ара», «Өзіме, көршіме», «Желдеткіш», «Инсерт», «БББ»кестесі, СТО «Галерея», «Мадақтау сэндвичі» т. б. Әріптестерімнің кері байланыстарынан коучингтің көңілдерінен шыққанын көрдім. Осындай тәжірибе бөлісудің маңыздылығын айтып, ризашылығын білдірді. Бізді жаттықтырған Ибраева Айман тренерімізге зор алғысымды білдіргім келеді.

   

Мукушова Бактылы Кимановна,

№39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі мұғалімі,

 Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.