Home » Мақалалар » Шеберлік сағаты

Шеберлік сағаты

2017 жылдың 18 — 28 қараша аралығында Павлодар қаласындағы №39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы орта білім беру мектебінде дәстүрлі «Қазақ тілі» онкүндігі өтті. Осы онкүндік аясында қарашаның 25-і күні қазақ тілі мұғалімдерінің  әдістемелік бірлестігі мұғалімдеріне «Диалогтік оқыту — сын тұрғысынан ойлауды дамыту» атты шеберлік сағатын өткізіп, өз тәжірибеммен бөлістім. Мақсатым: қатысушыларға диалогтік оқытудың тиімділігін, сұрақ түрлері мен сұрақ қоя білу маңыздылығын тәжірибе түрінде көрсету. Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін әріптестерімнің өз тәжірибелеріне енгізуіне ат салысу. Ұстаздар ақпаратты меңгере отырып берілген әдістерді сабақтың қай кезеңінде қолдануға болатындығын анықтады, әдістерді тәжірибеден өткізе отырып сындарлы кері байланыс беруге дағдыланды. Тәжірибе барысында «Әр елдің амандасу салты», «Желдеткіш», «Достармен кездесу», «Тыңдаушы-әңгімелеуші», «Кейіпкерге сұрақ», «SWOT» кестесі, «FILA», ПОПС, «ПЛЮС-МИНУС-ҚЫЗЫҚТЫ» әдістерімен танысып, өз қоржындарына салып алды. Шеберлік сағаты өте қызықты да сапалы өтті. Қатысушылар кері байланыс беру арқылы өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Тәжірибе көңілімізден шықты.

«Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» деген Сенеканың сөзі осы деп ойлаймын.

Мукушова Бактылы Кимановна,

№39 инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар

 жалпы орта білім беру мектебі,

Қазақ тілі мұғалімі,

 Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.