Home » Баяндамалар » Дүбірлі дода

Дүбірлі дода

2018 жылдың 11 қаңтарында Павлодар қаласында мектеп оқушылары арасында «Ақберен» байқауы өтті. Байқауға Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Біләл Тлеген жолдама алды. Бұл байқауға Павлодар облысының түкпір-түкпірінен 95 оқушы қатысып бақ сынасты. Байқаудың негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының  ұлттық бағыттағы шығармашылықтарын шыңдау, болашаққа бағдар беру. Мектебіміздің намысын қорғап отырған Біләл Тлеген – қалалық түрлі сайыстардың жүлдегері. Кішкентай кезінен ұлттық санада тәлім-тәрбие алған бала өз мектебінің мақтанышы, жанашыры. «Ақындар айтысы» бағытында ол елімізде болып жатқан мәселелерді көтере білді. Осы кезеңде Тлеген өзінің суырып салма ақындық қабілетінің бар екендігін көрсетті. Елбасымыздың «болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағыттары жайында өз ойын жеткізе білді.

Байқау қорытындысы бойынша Біләл Тлеген «Ақындар сайысы» бағытының II дәрежелі жүлдегері атанды.

Балтабаева Салтанат Кадыровна,
Турманова Рскуль Темировна,

Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп,

Павлодар облысы,

Екібастұз қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.