Home » Баяндамалар » Білім мазмұнының жаңаруы: критериалды бағалауды ағылшын тілі сабағында нәтижелі қолдану

Білім мазмұнының жаңаруы: критериалды бағалауды ағылшын тілі сабағында нәтижелі қолдану

Баяндамада жаңартылған білім беру бағдарламасының мүмкіншіліктері мен критериалды бағалау жүйесін ағылшын тілі сабағында нәтижелі қолданылуы қарастырылған.

В докладе будут рассматриваться особенности и возможности оценивания на уроках английского языка по программе обновленного содержания образования.

«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»

Н.Ә. Назарбаев

       ХХІ ғасыр үздіксіз ақпараттар легіне, қауырт қарбаласқа толы. Жаңа заманның жас ұрпағына білім мен тәрбие беру жаңалық пен ізденісті талап етеді. Мұғалім болу жауапты да қастерлі, қасиетті де абыройлы міндет. Жаңа күн ұстаз үшін алдын ала дайындықты қажет етеді. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруда педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы. Білім берудегі инновациялар жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол – ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі.

«Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім мазмұны оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді.[2]

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – мұғалімі кәсіби деңгейінің дамуы. Қазақстан Республикасының білім беру саласында өзгерістерді негізге ала отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарында жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасымен таныса отырып, шын мәнінде жаңа формациялы, яғни, құзырлы мұғалімнің бейнесінің қандай болатынына көз жеткізе отырып, критериалды бағалаудағы оқушылардың қандай әдіс-тәсілдер негізінде жетістікке жетіге болатынын білдік. Сондықтан, алдағы уақытта құзырлы оқытудың маңызды факторын және Пажарестің оқыту стилін негізге ала отырып, өзіміздің ұстанымымыз, өзіміздің сеніміміз бойынша құзырлы оқыту іс-әрекетіне көшіруге шешім қабылдау бұл біздің өзгеріске бет бұрудағы ең алғашқы қадамымыз деп есептейміз.

Оқу бағдарламасы шиыршық принципіне негізделіп жасалған. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыруды қарастырады (оқу жылы немесе келесі сынып), алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Сөйлеу әрекеті бойынша мақсатқа жетуі ойлау іс-әрекетінің дамуындағы «біледі, түсінедіден» «айырады, салыстырадыға» алға басуын жобалайды. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейін ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады (Блум таксономиясы бойынша). Ағылшын тілі үйретуде бағдарлама мазмұны 6 бағыттан тұрады: Strand 1, Content, Strand 2, Listening, Strand 3, Speaking, Strand 4, ReadingStrand 5, Writing, Strand 6: Useof Englis, әрқайсысы оңайдан қиынға қарай даму қағидаты бойынша қойылған оқу мақсаттарына бөлінеді, дағдыларының дауына қарай сыныптан сыныпқа, бір деңгейден екінші бір деңгейге көшкен сайын мақсаттар күрделене түседі.[2]

Жаңартылған бағдарлама оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функциональдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілі бойынша жаңартылған бағдарлама лексикалық жиынтық, құрылымдық талаптар мен коммуникативтік конвенцияларды пайдалану шеңберінде ғана үйренуге шек қоймайды. Прагматикалық аспектісі барлық мүмкіндіктерді қарастырады, тілдік бояу мен қарым-қатынас жағдайларына, контекске, коммуникацияға қатысушылардың өзара қарым-қатынасында пайда болған ережелерге баса назар аударылады. Білім алушының лексикалық және грамматикалық материалдарды контексте оқып үйренуі аталған жағдаятқа өзіндік қарым-қатынасын білдіреді. Пән бойынша оқылып жатқан тақырыпқа деген оқушылардың табиғи ішкі уәжі мен қызығушылығы кірігіп кетеді. Белсенді ойлау процесін техникалар мен тәсілдемелер қолдану арқылы белсенді оқыту түрлері тиімді және саналы түрде қолдануға болады деп болжанады. Оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі әдебиеттер мен ресурстарды қолдану ұсынылады. Ағылшын тілі пәні сабағының қысқа мерзімді жоспары жаңа бағдарламаның негізгі жеті модулінің негізгі идеясы ықпалдастыра отырып құрастырылады. Модульдердің негізінде сабақтың тақырыбына сай мақсат пен міндеттерді, күтілетін нәтижелерді, сабаққа қатысты ресурс көздері таңдап алынады.

Қазіргі кезде сыни тұрғыдан ойлау да – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін ең басты, маңызды педагогикалық түсінік болып табылдады. Оқыту үрдісіндегі тәжірибеміздегі сабағымыздың бірін ұсынып отырмыз.

Сабақтың тақырыбы «Заман өзгерістерінің серіктестігі» (Partnership at the epoch of changes. /Conditional sentences/ 8-сынып) Бұл қысқа мерзімді жоспарда «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» өте жақсы көрініс тапты. Себебі, сабақтың тақырыбының өзі оқушылардың сыни ойлауын дамытуды жүзеге асыруды қажет етеді. Сондықтан кіріспе бөлімінде сабақ тақырыбын ашу мақсатында «Заман өзгерістерінің серіктестігі» атты екі минуттық бейнежазба көрсетілді. Көрсетілімнен кейін әр топ өз түсініктерін ойталқыға салып, ортақ бір шешімдерін топ көшбасшылары жеткізді. Әр топтың көшбасшылары берген ауызша жауаптарын тыңдай отырып, қаншалықты құнды пікір айтып, сыни тұрғыдан ойлай алатындықтарына көзіміз жеткендей болды. Негізгі бөлімде оқушыларға тапсырма бермес бұрын, интерактивті тақтада жаңа технологиялар топтамасын (компьтер, планшет, ұялы телефон т.б.) көрсетіп, ой қозғау мақсатында сұрақ түрінің түрткі болу техникасын пайдаландық. Әрине оқушылар өз тарапынан өте жақсы, ұтымды, нақты, әрі белсенді түрде жауап берді. Оқушылардың ойын жинақтай келе, сын тұрғысынан ойлауын дамыту мақсатында «SWOT талдау» стратегиясы бойынша өз ой-пікірлерін постерге түсіру тапсырылды. Тапсырма «Компьютер» тақырыбын сын тұрғысынан ойлаудың «SWOT талдау» стратегиясы бойынша өте жақсы жүзеге асты. «SWOT талдау» стратегиясымен жұмыс барысы оқушыларға түсіндірілді және қалай жүзеге асыру қажеттігі жайлы бағыт берілді. Оқушылар біз күткен жауаптан да артық жауап берді. Оған дәлел, әр топ күшті, әлсіз, мүмкіндіктері мен қауіпті жақтарын сурет арқылы, нақты факт бойынша дәлелдемелер келтіру арқылы өз ойларын жеткізе білді. Негізгі байқағанымыз: шағын топтарда оқушыларға тапсырма бере отырып, олардың талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуін жүзеге асырдық. Оқушылар бір-бірімен қызу талқылауға түсіп, сыныпта жұмыс шуы естілді. Топ жұмысын қорғау барысында байқағанымыз, оқушылар өздерінің ойларын дәлелдеп, өз білім деңгейлерін, ой-ұшқырлықтарының қаншалықты терең екенін аңғартты.

Бағалау арнайы табыс өлшемдері көрсетілген «Бағалау парақшаларын» толтыру арқылы жүзеге асырылды.

«Partnership at the epoch of changes» тақырыбына арналған бағалау парағы

Бағалаудың өзінде де білім алушылар табыс өлшемдеріне сай, сыни тұрғыдан ойлана отырып әділ, нақты бағаларын берді. Өзара бағалауды жүргізу барысында оқушылардың сыни тұрғыда бағалауға, сындарлы сөйлеуге дағдыланып келе жатқанын байқағанымызда, мұғалім ретінде өзіміздің бойымызда Шульманның іліміне сай, құзырлы мұғалімге тән белгілерді жетілдіріп келе жатқанымызға көзіміз жетті.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» деген тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп көрсеткен болатын. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру реформасы бойынша білімді, ойлы және өнерлі тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім беру жүйесі негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, жаңа белсенді және инновациялық әдістерді енгізу шетел тілін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Білім берудің дәстүрлі әдісінен оқу процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үрдісінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта жүйелі қолдану – бұл оның нәтижелілігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы. Оқыту үрдісінде жаңашыл көзқарасты қолдану, нәтижеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2016ж.
  2. «2017-2018 оқу жылында Қазақстан республикасының Жалпы орта білім беретін ұйымдарында Оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат.

Орынбаева Дана,
Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің
ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Жезқазған қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.