Home » Мақалалар » Табиғатты аялайық!

Табиғатты аялайық!

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ.

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші! Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір бөлшегі әсерлі үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын, будақ бұлттары мен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры да ғажап сұлулық сыйлайды. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, оның әрбір сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды.

Ө. Тұрманжанов айтқандай:

«Сүйейік, табиғатты аялайық, Біз де одан жақсылықты аямайық» деп табиғатты әр қашан аялайық!

Табиғаттың тылсым күшіне ұшырағанша, табиғаттың әсемдігін сіңірейік.

      

    

Бактыбаева Зауре Тугеловна

№ 9 «Бәйтерек» балабақшасы МКҚК  

Педагог-психолог

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.