Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім — жаңа бағыт

Жаңартылған білім — жаңа бағыт

2017 жылдың тамыз-қыркүйек аралығында «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырылуымен орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында аудандық/қалалық оқыту және әдістемелік семинарлары оздырылды. Семинарларды өткізудің өзектілігі 1, 2, 5 және 7-сыныптардың мұғалімдерінің оқу-әдістемелік құжаттарын жүйелеу және тәртіпке келтіру қажеттілігінен туындады. Семинарларға бастауыш сынып, қазақ және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты, барлығы 341 мұғалім.

Семинарлар барысында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 1, 2, 5 және 7-сыныптардың бағдарламалары бойынша оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру; критериалды бағалауды өткізу тәртібі және жоспарлау; оқушы жетістіктерін қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар мен дескрипторлар құрастыру және кері байланыс ұсыну бойынша мәселелер қарастырылды. Семинарларда жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрастыруға, критериалды бағалау мен саралап оқыту тәсілі бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Мұғалімдерге сабақты жоспарлау, сабақ мақсатын құрылымдау, оқу үдерісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу жетістігін бағалау мәселелері, қалыптастырушы бағалаудың тиімді әдістері талқыланып, жиынтық бағалауды ұйымдастыру бойынша кеңестер берілді, оқу тапсырмалары мен критерийлерін құру, дескрипторлар ұсыну бойынша практикалық сабақтар өткізілді. Жаңартылған білім мазмұны аясындағы бес күндік оқу жағдайында алтыншы күн (сенбі) және үй тапсырманы ұйымдастырудағы мәселелер қарастырылды.

Семинарлар барысында туындаған сұрақтарға, мәселелерге шешімі табылды, жаңа оқу жылына қажетті оқу-әдістемелік материал электронды нұсқада берілді. Семинар қорытындысы бойынша мұғалімдерге «Қатысушы кәлігі» табысталды.

Жумагалиева Динара Шылболатовна,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы

«Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,

Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.