Home » Жаңалықтар » СЕРІКТЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА: МАНТЕССОРИ-ПЕДАГОГИКАСЫМЕН ТАНЫСУ

СЕРІКТЕСТІК ЖАҒДАЙЫНДА: МАНТЕССОРИ-ПЕДАГОГИКАСЫМЕН ТАНЫСУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» У.Сұлтанғазин атындағы Қостанай Мемелекеттік Педагогикалық Университетімен серіктестік жағдайында М.Монтессори кабинетінде 1 және 3-курс студенттерімен сабақ өткізді.

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту артықшылығы заманауи жағдаяттар жағдайында шетелдік педагогикалық тәжірибені талдау және өзгертуге деген сұраныс өсіп келеді. Университет студенттері М.Монтессори педагогикалық жүйесімен яғни «дайын орта жағдайында баланы еркін дамыту әдісімен» танысты. Практикалық материалмен жұмыс студенттерге негізі бала болып табылатын педагогикалық жүйенің басты  принциптерін түсінуге мүмкіндік берді.

Сабақ барысында студенттердің Монтессори-педагогикасы, Монтессори жүйесінің жалпы принциптері туралы түсінік қалыптастырып, оң және теріс жақтарын анықтады. Болашақ педагогтер Монтессори білім беруді заманауи Қазақстандықтардың білім берумен сәйкестендірді. Сабақ соңында қазақстандық білім беруге Монтессори жүйесінің элементтерін қосу мүмкіндігін талқылады.

Дильдибекова Г. А.,

ДНОВЛ кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.