Home » Жаңалықтар » «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ»

«ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ»

«Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Ж. Сұлтанғазин «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ-да болды. Кездесу барысында қазақстандық ғылымның даму перспективалары мен осы үдерісте педагогтардың рөлі туралы әңгіме айтылды.

Филиал директоры М.В. Слесарь институттың негізгі бағыттары туралы айтып берді, білім беру бағдарламаларымен таныстырды, материалды-техникалық жабдықталуын: өзін-өзі тану, М.Монтессори, робототехниканың жаңа мамандандырылған кабинеттерін көрсетті. Институт кітапханасында мерзімді басылымдар ұсынылды.

Педагогтармен кездесу барысында Әнуарбек Жәлелұлы қостанайлық оқушылардың республикалық деңгейдегі ғылыми жетістіктері туралы айтып, өз оқушыларының бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.