Home » Жаңалықтар » ОНАМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОНАМАСТИКА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Онамастика мәселелері жөніндегі жұмыс тобы ауданның бірқатар мектептері мен көшелерінің атауын өзгерту бойынша жұмыла іске кірісті. Ауданның тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің басшысы Ержан Рахимжанов:

  • Павлодар ауданындағы 38 елдімекеннің тек 14-і (бұлар Аққұдық, Әйтім, Бірлік, Достық, Жаңа қала, Жертұмсық, Заңғар, Көктөбе, Қаракөл, Қаратоғай, Маралды, Толыбай, Шақат, Шанды, Үміт апа) ғана мемлекеттік тілде аталады. Ал, 312 көшенің, соның ішінде 195-інің атауы Кеңес дәуірімен байланысты. Қазіргі күні облыстық онамастикалық комиссияның қарауында Красноармейка ауылының он шақты көшесінің атауын өзгерту туралы ұсыныстар жатыр, — деді Ержан Мэлсұлы.

Аудандық мәслихат депутаты, республикалық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық ұйымының аудандық бөлімшесінің төрағасы Бақытбек Баткеев жиналғандардың назарын мектептердің атауын өзгерту мәселесіне аударды. Осыдан біраз жыл бұрын Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сагандыкованың жетекшілігімен, аталмыш комиссия отырысында Григорьевка, Духовицск ауылдары мен Чернорецк ауылының №1, №2 мектептерін қазақшалау сөз болған еді. Григорьевка ауылы Жаңа қала болып өзгергеніне талай уақыт өтсе де, мектеп атауы сол бұрынғы қалпында қалған. Осы жағдай қазіргі Набережное ауылының Чернорецк №2 мектебінде де қайталанып отыр. Жиында   аталмыш мектепке қазақтың ұстаз, ағартушы, ғалымдары: Ахмета Байтурсынов немесе Ыбырай Алтынсаринның есімдерін  беру ұсынылған болатын.

Өткен жылдың қысында Мичурин ауылдық округіне қарасты Березовка ауылы Үміт апа ауылы болып, жаңа атауға ие болды. Ауданның тағы да екі ауылы – Красноармейка мен Новоямышевоның атауын өзгерту туралы ұсыныс жасалып, баспасөз құралдарында да бірнеше мәрте мәселе көтерілді.

  • Біз ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-өтініштерін тыңдап, осы және басқа да мәселелердің өз шешімін табуына атсалысатын боламыз,-деді аудандық мәслихат депутаты Ануар Қылышбеков.

 

                                                                              Айгүл МОЛДАШ.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.