Home » Ашық сабақтар » Сезім мүшелері

Сезім мүшелері

Айтикова Әсемгүл Жакенқызы

Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы

№33 «Балабақша-бастауыш мектеп»

 кешенінің тәрбиешісі

Білім беру саласы:  денсаулық.

Бөлімдері: валеология.

Мақсаты: балаларды адамның сезім мүшелерімен таныстыру және атқаратын қызметтерімен түсіндіру.

Көрнекіліктер: слайд, жемістер, орамал, желім, қарындаштар.

Билингвальді компанентер:  көз-глаза, кұлақ-ухо, мұрын-нос, тері-кожа.

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай.

Қуанатын келді күн,

Қайрлы таң, қайрлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, теледидарға қарайық (слайд сезім мүшелері).

Тәрбиеші: Балалар, қазір сендермен бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Дәмін ажырату жемістермен»

Тәрбиеші: Ал, енді балалар, қазір мен сендерге бір жұмбақ жасырайын жауабын табасыңдар ма, жоқ па, көрейік.

Бір таудың екі жағынан

Екі қалқан жабысқан

Жақын барсаң маңына

Сезе қояр дыбыстан (құлақ).

Дұрыс айтасындар, балалар. Құлақ ол есту мүшесі адамдар құлақ арқылы әуендер естейді, дыбыстарды ажыратады.

Ал, енді, қазір дәптермен жұмыс жасаймыз (дәптермен жұмыс).

Тәрбиеші: Балалар, қане бойымызды бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып секірді.

Тәрбиеші: Балалар, қазір сендер топпен жұмыс жасайсыңдар. Мен сендерге сезім мүшелерінің суреттерін беремін, бірақ сендер оларды сәйкестендіріп жабыстыруларың керек. Қай топта қандай сезім мүшесі шықса, сол сезім мүшесі туралы айтып бересіңдер. Келістік пе?

Балалар: Келістік (топпен жұмыс жапыстыру).

Қортынды: Ал, енді, бүгінгі сабағымызды қортындылайық. Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнадыма?

Балалар: Ия, ұнады.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге несімен ұнады?

Балалар: Өз жауаптарын айтады, бүгінгі ашық сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Тәрбиеші: Ал, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

Балалар: Сезім мүшелерімен таныстық.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін адамның сезім мүшелерімен танысып қана қоймай, олардың адамға қандай қызмет атқаратының білдік. Бүгін сендер сабақты жақсы орындадыңдар, енді сендер адамның сезім мүшелерін білесіндер. Рахмет сендерге, балалар.

Менің сендерге арналған сыйлығым бар, Осы сабақта белсене қатысып отырғандарына көп рахмет (сыйлық Жұлдызша)

Күтілетін нәтиже.

Білуі керек: адамның сезім мүшелерін меңгереді.

Болуы керек: көз, құлақ, мұрын, тері туралы ұғымдарын.

Қолдана білуі керек: өз ойларын сабақ үстінде ашық қолдана алады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.