Home » Жаңалықтар » Мерген — 2017

Мерген — 2017

Сәүірдің 12 жұлдызында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Мерген-2017» атты сайысы өтті.

Жеткіншек ұрпақтың Отансүйгіштік және патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен мектеп оқушыларымыздың арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін үгіттеу деген мақсаттарды көздеген сайыс 11 сыныптар арасында өткізілді.

10 метр қашықтықтан нысананы ашық көздеуішті пневматикалық мылтықтан  атып ен көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанды.

Сайысқа әр сыныптан 1 ұл бала және 1 қыз бала қатысып, келесі жеңімпаздар аныкталды:  қыздар арасында — 1 орынды  Қыранбек Жанерке, 11 «Е» сынып оқушысы жеңіп алды;  2 орын – Рақымкулова Нурай ,11 «D» сынып; 3 орынды Әбілхай Жансая 11 «В» оқушысы иеленді.

-ұлдар арасында: 3 орынды Ауғанбаев Рахымжан ,11 «Н» сынып; 2 орынды Бағзат Диас, 11 «G» сынып оқушысы иеленсе, 11 «С» сынып оқушысы Шайжан Аслан «Мерген – 2017»  атанды.

Жеңімпаздарды шың жүректен құтықтаймыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.