Home » Есеп » Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты

 

2017-2018 оқу жылында «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы кластер  бойынша  қорытынды есеп

№8 «Думан» балабақшасында қараша айында кластер бойынша отырыс жасап,   №46,47,48,28 балабақшалары бірлесіп жұмыс жоспарын  талқылап және жұмыс тобын құрдық, өткізілетін іс – шаралар кестесін әзірлеп бекіттік. №8 «Думан» балабақшасының әдіскері Гридина Л.И.  балабақшаарда  салауатты өмір салты бойынша қандай жұмыстар жүргізіп жатқанын, қандай көмек керектігі туралы сұрады. Әр балабақша алдағы уақытта жүргізетін жұмыстары  туралы есеп берді. Балабақшамызда кластер бойынша «Ата-аналар мен балаларда  салауатты өмір салтын қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында 8 желтоқсанда  дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Қатысушылар осы тақырып төңірегінде өзара тәжірибе алмасып, өз пікірлерін білдірді.  Қаңтар айында   № 8, 28,46,47,48 балабақшасының әдіскерлері мен педагогтар арасында балалармен жүргізілетін жұмыс дағдыларын айқындау бойынша семинар өткізілді. «Думан» балабақшасының әдіскері Гридина Л.И. әдістемелік тұрғыдан  кеңес беріп, әр балабақша әдіскерлері  өз ойларын ортаға салып, өздерінің жұмыс бағыттары туралы айтып өтті.  Ақпан айында № 28, 46, 85 санаториялық балабақша араларында «Ғажайып қыс – 2018» тақырыбында қысқы спорттық ойындар жарысы өтті. Оған кластер бойынша балабақша әдіскерлері, тәрбиешілер, дене шынықтыру нұсқаушылары қатысып, жарыста өазылар алқасының құрамында болды. 21 ақпанда  балабақшамызда кластер бойынша «Бала денсаулығы өз қолымызда» атты қалалық семинар өтті.  Семинарға қатысушы  педагогтарға Жүзу оқу қызметінен  «Су олимпиадасы»тақырыбында ашық оқу қызметін  “Бұлбұл” мектепалды даярлық тобымен Жүзу жетекшісі: Рахимова М аквоаэробика элементтерін қолдану арқылы ұйымдастырса,  “Қарлығаш” ересектер эксперименталды  тобымен дене шынықтыру нұсқаушысы Г.Оспанова  ұйымдастырған ашық оқу қызметін   көрсетті.  «Денсаулық гүлі» деп аталатын бұл  оқу қызметінде  педагог  дәстүрден тыс шынықтыруда  дене  шынықтыруда степ-аэробика элементтерін қолдану  арқылы өткізді. “Көңілді марблс тастары” атты шеберлік-сыныбы  “Бұлбұл” мектепалды даярлық тобымен  эксперименталды тобының тәрбиешілері Г.Акжигитова,С. Жанузакованың ұйымдастыруымен өтті. Бұл шебер сыныпта тәрбиешілер малбрс тастарын бала денесін шынықтыруда  ойын түрін қалай пайдалануға болатынын көрсетті. «Мейірімді кірпі» күннің екінші жартысындағы сауықтырушы жаттығу     (су-джок добымен) ортаңғы “Ақ қайың” тобының тәрбиешілері Машкенова Ш, Хурман Үөткізіп, балаларға ертегі оқи отырып, саусақ бұлшық еттерін су-джок доптары арқылы қалай жаттықтыруға болатынын көрсетті.Балабақшамыздағы галотерапия бөлмесінде балаларға сауықтырушы ойындарды   «Қарлығаш» ересектер тобының тәрбиешілері Сакежанова С, Нуркеева С видео презентация түрінде ұсынды. «Ормандағы оқиға» атты мюзикл – қойылым «Ақ көгершін»мектепалды даярлық тобымен музыка жетекшісі Сейтакова Г өткізіп, балалардың денсаулығын олардың көңіл-күйлерін ән арқылы  жақсартуға болатынын көрсетті. Осыдан соң инновация әдіскері М.О Акжигитованың баяндамасы тыңдалды, Онда балалабақшадағы жүргізген жұмыстары туралы айтылды. Семинар соңында  қатысушылар ашық көрсетілімдер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Балабақшадағы  дәстүрден тыс шынықтыруға арналған құралдар қатысушылардың назарына ұсынылды.

№8 «Думан» балабақшасы «Әкем, анам және мен» тақырыбында  атааналармен қысқы ойындар жарысын өткізді. 12- сәуір «Ғарышкер күні» мерекесіне орай «Әке мен бала» эстафеталық сайыс, сурет көрмесі апталығын өткізді.Сайыс өте жақсы ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалар белсенді қатысты.

24 cәуірде №8 «Думан» балабақшасында кластер бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда біздің балабақшамыздың  тәрбиешілері Машкенова Ш, Хурман У су-джок добын балабақшада ойын түрінде қалай пайдаланатынын шебер сынып түрінде көрсетті. Сонымен бірге осы сәуір айында №48 «Ақ көгершін»,  №28 «Жұлдыз», №46 «Самал» балабақшаларында кластер бойынша ұйымдастырылған қалалық семинарларға қатыстық.

№15 мамыр күні №8 «Думан» балабақшасында өткен «Салауатты өмір салты» кластерлік тобы бойынша өткен қалалық семинарда  біздің «Ақ желкен» балабақшасынан 2-кіші топ тәрбиешісі Рымбаева А «Шаршаудың алдын алатын ойыншықтармен ойын» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.

Алдағы уақытта да кластер бойынша жұмысымызды бірлесіп атқара береміз деген ойдамыз.

 

М.Ақжігітова
№47 «Ақ желкен» балабақшасы МКҚ
әдіскер

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.