Home » Жаңалықтар »  «102 ЖББМ» КММ-де кең көлемде өткен «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

 «102 ЖББМ» КММ-де кең көлемде өткен «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

       15 мамыр Алматы қаласы Жетісу ауданында жайғасқан «№102 ЖББМ» КММ-де Отбасы күніне орай «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Білімді ұлт – білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізілді. Жалпыұлттық ата-аналардың жиналысының  әр отбасы үшін маңызы орасан зор. Себебі ата-аналар жаппай мектептерге келіп, балаларының сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сөйлесіп, пікір алмасты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психологиясы қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, мектептің, барша елдің міндеті екендігін айтады. Сондықтан да, жалпыұлттық ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатының бағыттары мен осы оқу жылындағы мектебіміздің жетістіктері туралы хабардар ету, әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыруға және білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.
Ата-ана  жиналысындағы күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1) «Жыл табысы»: мектебіміздің жетістіктері;

2) мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру;

3) 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау және оқу жылының қорытындылары;

4) оқу процесін цифрландыру;

5) мектебіміздегі «ата-ана қонақжайы» жұмысы арқылы отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту.

Жиналысты мектеп диреторы Кержикеева Данагуль Рысбаевна құттықтау сөзінен бастады. Барша жиналған қауымды халықаралық отбасы күнімен құттықтап, жалпыұлтық ата-аналар жиналысының концепциясымен бастады.
Келесі кезекте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Асылбекова Сауле Райымбековна ата-аналарды 9-11 сыныптарда болатын қорытынды аттестация күндерімен, оған оқушылардың дайындығы және ҰБТ барысындағы жүріп жатқан жұмыстар нәтижесімен таныстырды.
Ал, диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Танбетова Айман Джамалдинова мектебіміздің жылдық жетістіктерін атап өтті. Оқушыларымыздың жылдық табысты еңбектері мен алған марапаттау қағаздарының саны білім сапасының қуанарлық дәрежеде екенін көрсетеді. Мектебіміздің белсенді ата-аналарының бірі Кулманова Алма Интуевна «Тәрбие және Білім» бағдарламасының бала тәрбиесіндегі өзектілігі жайында айтты. «Өлкетану», «Отаным — тағдырым», «Саналы азамат», «Кітап- білім бұлағы» бағыттарының басты мақсаттары мен осы бағыттар бойынша мектебімізде жүргізілген жұмыстар есебімен бөлісті.
«PRO Kid» оқу орталығының робототехника маманы Габдрахманов Али Азаматович ата-аналарға оқушылардың жұмыстары үлгісін ұсынды. Білім саласында еңбек сіңірген ардагер,  педагогика ғылымдары кандидаты, профессор Найманбаева Куланда Кадыржановна мектеп ұжымына жылдық еңбектерінің нәтижесі үшін ата-аналар қауымы атынан алғысын айтып, мектебіміздегі «Ата-аналар қонақжайы»-ның жұмысы мен жобаларын күллі қауымға таныстырды.
Баланың алғашқы тәрбиешісі — ата-анасы, бала әке-шешесінің үлгісінде тәрбиеленеді,  мектеп, ата-ана, ұстаз болып ұрпағымыздың ел тізгінін  ұстайтындай азамат болып өсуіне ықпал етейік. Отбасы – тәрбие көзі, мектеп оны шыңдаушы. «Тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп ұлы ғұлама Әл-Фараби атап көрсеткендей, білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізеді.

Ауэлбекова Гавхар Умурбековна,
«№102 ЖББМ» КММ директордың
тәрбие ісі бойынша орынбасары.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.