Елбасымыздың жаңа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында «жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы».
Біз, ұстаздар сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, балалардың бойына адамдық құндылықтарды терең сіңдіріп, рухани жаны таза адамды тәрбиелеуміз керек. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана, өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға байланысты. Әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық болады. Біздің балабақша №18 «Балдырған» бөбекжайы ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясы» іске асыру бағытында Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғыры биік, тәуелсіздік» атты салтанатты шара өткізілді.
Бұл шараның мақсаты балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, халқының тарихын білуге үйрету, Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру; Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын, қоғамның бір мүшесі болатын ретінде адам құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Балаларға патриоттық тәрбие беру, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Меркульева София, Курдюков Андрей, Петухов Вадим, Кругова Вика өз шығармашылығын Отан туралы тақпақтар арқылы көрсетті, Ересек«Отан — анам», «Елтаңбасы елімнің» әндер орындады. Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы. Сондықтан да жұмысымызда әрдайым ата-аналар қатысуымен мерекелік шаралар өтеді.Кешегі өткізген«Тұғыры биік, тәуелсіздік» атты салтанатты шарада балалардың ата-аналарымен бірлескен шығармашылық жұмыстарына куә болдық.
Баспаева Нурзия Усмановна
БҚО, Орал қаласы,
№18 «Балдырған»бөбекжайы