Home » Балабақша » Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру — парызым

Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру — парызым

Біздің балабақша №18 «Балдырған» бөбекжайы ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясы» іске асыру бағытында жұмыс атқарады. Бұл бағытта балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, патриоттық сезімді қалыптастыру жұмыстар жүргізіледі.

Еліміздің халқы 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент мерекесін атап өтті. Осыған орай, біздің №18 «Балдырған» бөбекжайында «Ұлы халықтың – Ұлы көшбасшысы» атты  салтанатты түрде мерекелік іс-шара өтті. Бүл мерекелік шара балаларды Отанын, халқын сүюге, нағыз патриот болуға тәрбиелеу мақсатында жоспарға сәйкес өткізілді. Балалар Тұңғыш Президенттің мемлекет өсіп, өркендеуіне, дамуына қосқан үлесі туралы, барша әлемге танымал еткені, өмір еңбегінің  жолдарымен, болашақты көрегенділікпен саралап – көпке үлгі болған өмірбаянымен танысты  Сонымен бірге, балалар елбасының өмірін слайд арқылы тамашалады. Ересек тобының тәрбиеленушілері:  Щурихина Вероника, Кругова Вика  №18 «Балдырған»бөбекжайының «Ромашка» тобының тәрбиеленушілері еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін  Отан туралы өлеңмен білдірді. Грошева Настя.  Меркульева София  №18 «Балдырған» бөбекжайының тәрбиеленушілері «Жаса, Қазақстаным» әнін орындады.

Біздің Президент — халықтар бірлігі мен достастығының кепілі. Балалар достық туралы тақпақ оқып, ән салып қонақтардың көңілінен шықты. Балалар үлкен қызығушылық білдірді. «Елі сүйген, елін сүйген елбасы»  атты тақырыптық  сабақтар өтті. Ересектер тобының балалары Жастар мәдениет үйіне саяхат жасап  елбасымыз Н.Назарбаевтың өмірбаянымен және  кітап туындарыларының көрмесін тамашалады.

 

 Баспаева Нурзия Усмановна
БҚО Орал қаласы,
№18 «Балдырған»бөбекжайы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.