Home » Мақалалар » Робототехникаға: ынтамен оқыту

Робототехникаға: ынтамен оқыту

«Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ» қысқа мерзім курсын тыңдаушылардың арасында «Робототехника негіздері» категориялар бойынша «Сызықша бойынша бойлау», «Кегельринг» және «Сумо» тақырыбында робототехникаға қатысты оқушылардың арасында облыстық, республикалық деңгейлерде өткізілгендей тәріздес жарыс өткізілді. Ұстаздар аталған шарадан осындай шараларды оқушыларға үйрету бойынша үлкен тәжірибе алды.

Мұғалімдер оқыту барысында қолданылған LEGO MINDSTORMS EV3 және Arduino микроконтроллерді пайдаланып үйренген жұмыстарын көрсетті.
Тыңдаушылар моделдеу, құрастыру процесінде роботтарды бағдарламалап және тестілеулерде өздерінің маңызды шығармашылық және зерттеуде қолданған тәсілдерін көрсетті.
Роботтардың моделдері тәжірибелік бағыттарда болды, мысалы: Жол құрылысында пайдаланатын «Бетон жолды ДеБРо-демонтаждау» аталған жұмыс өнімділікті арттырады, «ККРБ-4» роботы ауылшаруашылығы жұмыстарында пайдалы болмақ.
Құрастырылған роботтар анықталған алгоритм бойынша компьютерлік бағдарламалар арқылы мобильдік қосымша қатысушылармен қашықтықтан басқарылды.
Тыңдаушылардың пікірінше аталған жұмыстар оларға өте бір қызықты болып және роботтарды құрастыруда және модельдеуде маңызды тәжірибелер алуларына көмектесті.

Филиалдың баспасөз орталығы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.