Home » Балабақша » Көңілді старт (спорттық ойын-сауық)

Көңілді старт (спорттық ойын-сауық)

«Көңілді старт»

(спорттық ойын-сауық)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау, сергек  болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйде болуын қалыптастыру, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Д/ш нұсқаушысы: Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстофеталық жарысымызды бастаймыз.

Ал, сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар,

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

Оны әділқазылар бағалар.

Сонымен бүгінгі жарысымыздың әділ қазыларын таныстырып өтсем

Нұршуақ балабақшасының әдіскері – Күміскүл Шалабаевна

Нұршуақ балабақшасының сурет салу мұғалімі – Феруза Бегелдиевна.

Нұршуақ балабақшасының ән-күй жетекшісі – Мақпал Сандибековна.

Жарыстың шарттары:

Таныстыру.

«Күншуақ» тобы

Ұраны: Күндей болып күлеміз,

Шуақ шашып жүреміз.

«Жұлдыз» тобы

Ұраны: Бүгін жарыс бақшада

Қуанады бар бала.

«Жалауды тез жеткізу». Ойын шарты: Топ мүшелері қолындағы жалаушамен бірге белгіленген жерге дейін жүгіріп келесі ойыншыға кезекті береді.

«Кедергілер сайысы». Ойынның шарты: кедергілер арасынан өту, тікен төсеніш үстінен тепе-теңдік сақтап өту.

       

«Кім жылдам»

Ойын шарты: Велосипед арқылы белгіленген жердегі кегілге дейін жүргізіп, келесі ойыншыға эстафетаны беру.

«Епті де, жүйрік» сайысы.

Ойын шарты: Үлкен доп үстіне, кегілді айналып орнына келу.

  • Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

Асаинова Лунара Барлыбаевна

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы

Дене шынықтыру нұсқаушысы

Степногорск қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.