Home » Мақалалар » Рефлексияны қалай ұйымдастыруға болады?

Рефлексияны қалай ұйымдастыруға болады?

Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін

арттыру институтының аға оқытушысы,

жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері

 

Рефлексияны сабақта не сабақтан кейін қалай ұйымдастыруға болады? Рефлексия дегеніміз не? Бүгінгі сөзім осы жөнінде болмақ. Рефлексия дегеніміз – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы.  Рефлексия дегеніміз тұлғаның өзін-өзі талдауы, сынауы, бағалауы, түсінуі, өзіне өзі есеп беруі, алдына мақсат қоя алуы. Рефлексия қарастырылатын әрбір мәселе бойынша ой толғатып, жан-жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен түсіну, ішкі дүниеге үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп бере отырып жұмысыңды жетілдіру, баға беру. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Сабақ процесінде, жалпы кез келген жұмыста барлық іс-әрекеттердің негізінде рефлексия болуы керек.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.