Home » Жаңалықтар » «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»-да «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және оның «Адами капитал – жаңғырту негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында, қазіргі заманғы педагогикалық қоғамды жинақтау және көпшілікке тарату, бірыңғай ақпараттық – білім беру кеңістігінде педагогтардың ақпараттық – коммуникативтік және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында өтеді.

Маусым айынан қазан айына дейін Қостанай облысының мұғалімдері қиындықтарды еңсеріп, бейнетүсірілім мен монтаж дағдыларын игеріп, бейнесабақтар жасаумен жұмыс істеді, өйткені бұл байқау білім беру порталында өз жұмысын еліміздің үздік бейнесабақтар мен бейнедәрістер банкіне ұсынуға тамаша мүмкіндік.

Марапаттау рәсімін байқау қатысушылары мен жеңімпаздарына филиал директоры Слесарь Марионелла Васильевна құттықтау сөзімен ашты. Сонымен қатар педагогтарды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы» Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» педагогикалық еңбек ардагерлері Р.А. Байсарина, К.С. Тұякова, С.Г. Мачнева, филиал директорының орынбасары Г.Ж. Сұлтанғазина және инновациялық дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы К.Т. Ибрагимов құттықтады.

Республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер байқауының аймақтық кезеңіне 354 жұмыс ұсынылды. Қостанай облысының 56 мұғалімі 22 номинация бойынша грамоталармен марапатталды және қараша айында республикамыздағы біріншілікке қатыса алады.

Қатысушылар байқау туралы өз әсерлерімен бөлісті, қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін айтып, жұмыс барысында көптеген жаңалықтармен танысты, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұжымға алғыс сөздер айтылды.

Осындай сайыстарға қатысу мұғалімге шығармашылық дамуға мүмкіндік береді. Өйткені қазіргі мұғалім үнемі дамиды және өзін-өзі жетілдіреді.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының республикалық кезеңінде барлық қатысушыларға табыстар мен жеңістер тілейміз.

 

Бакуменко С.В.,

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ,

қоғаммен және басылым қызметімен байланыс жөніндегі бөлімнің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.