Home » Жаңалықтар » «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті  

«Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті  

Ақтауда «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының ХХVIII есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша партияның рөлі талқыланды.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ералы Тоғжанов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттық фракцияның мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының  мүшелері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев партия тарапынан жасалып жатқан іргелі істер туралы айтты.

— Елбасы, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде экономикалық, саяси жəне əлеуметтік жаңғыру жүзеге асырылып жатыр. Біздің саяси ұйым осы өзгерістердің бірінен де қалыс қалмай, елді-мекендерде орындалуына зер салатыны анық. Партияның өз ішінде де ауқымды жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Соның ішінде уақыт талабына сай цифрландыру маңызды рөл атқарады, осыған көбірек мән берілуі тиіс, — деді Қаныбек Бекболатұлы.

Конференцияның күн тәртібіне 4 төмендегідей мәселе қаралды. Шарада партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің есепті мерзімде атқарған жұмысы және бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалды. Одан кейін жаңадан облыстық филиалы Саяси кеңесі, Саяси кеңес Бюросы және бақылау – тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

Басқосуда баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев, бүгінгі күні жауапты міндеттерді жүзеге асыруда бастауыш партия ұйымдарының рөлі ерекше екендігіне тоқталды. Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Бастауыш партия ұйымдары» — «Нұр Отанның» негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналады» және жыл сайын «Нұр Отан» партиясы ең басты саяси күшке айналып, халықтың қолдауына ие болуда екендігін еске салды.

«Нұр Отан» партиясы өз қызметін Саяси Доктринаны, «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып атқаруда. Сонымен қатар, бүгінгі таңда облыстық филиалдың атқарып жатқан барлық шаралары Елбасының Жолдауына, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, бес әлеуметтік бастамасына орай жүргізілуде. Өздеріңізге белгілі, «Нұр Отан» партиясының мақсаты — саяси жұмыс әдістерімен – азаматтық қоғамның дамыған институттары, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті саяси жүйесі бар, экономикалық мықты, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет  құруға қол жеткізу.  Осыған орай, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы заман ағымына сай партияны жаңғырту жөнінде тапсырмалар берген болатын. Елбасының 2017 жылы 3-қарашада өткен партияның Саяси кеңесінің отырысында  «Біз жаңғырудың 2017 жылы жарияланған үш бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Нұр Отан» партиясының рөлін айқын әрі анық түсінуіміз керек. Осы бағдарламаларды жүзеге асыруға лайықты атсалысу үшін партия өз жұмысын өзгертудің нақты жолдарын табуға тиіс», — деп атап өтіп, осы бағыттағы  тапсырмаларын берген болатын.

Бүгінде облыстық филиал құрамында 158 бастауыш партия ұйымы  және 26 432 мүшесі бар. Ұсынылып отырған бастаманың бірі партияның жаңғырту және оның қызметінде қазіргі заманғы технологияларды  қолдануға бағытталған. Бүгінгі таңда өңірімізде барлығы 35 ІТ-сыныптары ашылып, онда 8 жас пен 16 жас аралығындағы барлығы 1136 (жоспар бойынша 1000) бала қосымша білім алып, роботехникамен айналысуда. Жоба жергілікті бюджеттен және демеушілік қаражаттардан қаржыланды. 2019 жылы осындай 50 ІТ-сынып ашылуы жоспарланып отыр.

Партияның «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі жобалардан кітапханалар да тыс қалған жоқ, кітапхана қорын цифрландыруды қолға алды. Ақтау қаласы, Бейнеу ауданды, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы кітапханда 3 КОВОРКИНГ- орталығы  ашылып, жастар бос уақыттарын, іс-шараларын сонда өткізуде.

Өңірлердегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті кеңейту аясында «Мектептердің спорт алаңдарын қайта құру» және «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобалары бойынша 2018 жылы облыс бойынша 9 мектептің алаңы жаңар­тылып, мектеп асханасы сияқты мүлік басқарушыға сенімгерлікпен кемінде 5 жылға жалға берілмек.

Сонымен қатар, Нұри Тумышев өз баяндамасында «Үштілдікке көшу»  жобасы аясында партия  «English for Jastar» жобаны өңдеп, ол бойынша Жаңаөзен қаласында, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарында тұратын жергілікті ауыл балаларына еріктілер күшімен ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылып, оқуды бастап кеткендігін айтты. Жобаға шет елден келген еріктілер  де қатысуы көзделген. Бүгінгі таңда 10 жергілікті еріктілер 400 ден астам бала оқытуда. Жоспар бойынша жалпы 500-ге жуық бала оқытылады. Еріктілер барлық қажетті әдістемелік оқулықтарымен қамтамасыз етілді.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы туралы да айтылды. Бүгінде облыста Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің саны 22, оның 19-ы Ақтау қаласында тұрады, тыл ардагерлерінің саны 1500. Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Биылғы жылы «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысында 31 объекттің іске асырылуы көзделіп, оған 2018 жылы жалпы бөлінген сома 59 227,5 млн.теңгені құрайды.

«Нұрлы жол» бойынша әр бағытта 4 комиссия, «Нұрлы жер» бойынша 3 комиссия отырысы өтті. Бұл ретте партия филиалдары «Нұрлы жол» мен басқа да мемлекеттік бағдарламаларға партиялық мониторинг жүргізіп, бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімды жұмсалуын бақылауда.
Үстіміздегі 2018 жылдың 10 айында қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1677 өтініш келіп түскен.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» Маңғыстау облысында іске асырылуын бақылау бойынша қоғамдық кеңес құрылған. Ең өзекті мәселе «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші әлеуметтік бастамадағы «7-20-25» бағдарламасына қатысты болды. Қазіргі таңда осы бағдарламамен өтінім берген 326 адамның 212 адамның өтініміне келісім берілді. Несие сомасы 1 733 496 246 теңгені құрады, демек, 212  адам баспана алуға қолы жетті. Маңғыстау облысы республика бойынша 3-орында келеді.

2011 жылдан бастап елімізде Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы жұмыс жасайды. Коалиция құрамына 6 саяси партия, 18 ірі қоғамдық бірлестік,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жас кәсіпкерлер енді. Ағымдағы жылдың 10-қазанында өткен отырысында  коалиция мүшелері Мемлекет Басшысының «Қазақстандықтандың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылау үшін «Қазақстан–2050» Демократиялық күштердің Маңғыстау облыстық коалициясының  отырысы өтіп, коалиция мүшелері Елбасының саясатын бірауыздан қолдайтынын жеткізіп, өздерінің маңғыстаулықтарға жолдаған Үндеуін қабылдаған болатын.

2018 жыл мерейтойға толы жыл болды, өңіріміз жоғары деңгейде 5 елдің Саммиты ойдағыдай өткізді, келесі жылы «Нұр Отан» партиясының 20-жылдық  мерейтойы бар.

Шара барысында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрайымы, Ақтау қалалық «Білім үйлестіру» орталығының сектор басшысы  Ада Ким «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есеп берді.

Партия ардагері, Мұнайлы ауданы Батыр ауылының әкімі Қалнияз Оңдабаев конференцияда айтылған бастамалар жүзеге асырылуы көңіл қуантады деді. Әсіресе цифрландыруға байланысты мектеп оқушыларына арналған жобалардың жүзеге асып, партияның жас ұрпақты заман талабына қарай бейімдеуге, бос уақытын тиімді өткізуге көңіл аударғаны  оң өзгеріс болды деп ойымен бөлісті. Сонымен қатар, жас ұрпақты цифрландыру бағытына бейімдеу бойынша «ІТ мамандарды дайындау», «ІТ — орталықтар», «Қазақстан кітапханалары — білім орталықтары», «Төменгі сынып оқушылары үшін денсаулық сабақтары» жобаларының қалалар мен аудандарда да қолға алынғандығы, Мұнайлы ауданында 6 ІТ-сынып ашылып, балаларға қызмет көрсетіп жатқандығы, «Мектептердің спорт алаңдарын қайта құру» және «Мектеп асханаларын жаңғырту», сондай-ақ алдағы уақытта жүзеге асырылатын «Бизнес үшін геоақпараттандырылған онлайн сервисі» халыққа бос жер телімдері туралы толық ақпарат алып, тіпті онлайн-сервис арқылы сатыпалуға мүмкіндік беретіндігі көңіл қуантады деді.

Конференция мінбері арқылы ұстаздарды дарынды жас ұрпақ тәрбиелеуге  шақырған «Жаңаөзен политехникалық колледжінің» директоры, партияның сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша сараптама комиссиясының төрайымы Тілектес Болатбаева, Саяси кеңестің бюросы мүшелерінің қатысуымен өткен ұсыныстарды айтып өтті. Әсіресе балалардың қауіпсіздігін сақтау, мектепке дейінгі білім мекемелерін бейнебақылау құрылғыларымен жабдықтау бойынша Ақтау қаласындағы 30-дан аса жекеменшік балабақшаға мониторинг жүргізіліп, білім басқармасына ұсыныстар берілгендігін тілге тиек етті.

Жеке кәсіпкер Сәкен Қаржаубаев мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің дамуына жасалып жатқан қолдаудың барын айтып, өз кәсібін дөңгелетер жастардың қатары арта түсетініне сенім білдірді. Себебі келер 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланады, демек жастардың мәселелері назардан тыс қалмасы анық.

Жылдан жылға партиямыздың қатары жас, әрі білікті азаматтармен толығып келе жатқандығы қуантады. Олар жыл сайын республикалық көлемде өтетін  «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауына белсене қатысуда. Биылғы облыстық байқауға 13 ұйым қатысып, олардың 3-і республикалық байқауға жолдама алды. Шара аясында «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

ХХVІІІ есеп беру-сайлау конференциясының жұмысын қорытындылаған «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау  облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ералы Тоғжанов келер жылы партияның 20 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Конференция соңында «Нұр Отан» партиясының Әнұраны орындалды.

Кәмшат Ізбасарова,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.