Home » Жаңалықтар » Павлодар облысында «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алды

Павлодар облысында «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алды

Мектеп біздің өмірімізде ерекше орын алады, бұл жастық шақтың негізін қалаушы, заманауи әлемде өмірлік маңызды жетістіктерге жетуге түрткі болатын қадам.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында ұсынған «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша «Туған жер» жобасын іске асыру шеңберінде облыста 2017 жылдың 25 мамырынан 30 тамызы аралығында «Мектебіме тағзым» акциясы бастау алады.

Акцияның мақсаты:

— өз мектептерінің дамуына үлес қосуға, қолдан келгенше қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету үшін табысты түлектерді тарту;

білім саласында әлеуметтік-мәнді жобаларға, қоғамдық нысандарға қатысып, қамқорлықты дамыту;

оқушылармен тәрбие жұмысында акцияның оң әсерін қолдану болып табылады.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінің табысты түлектерінің дерекқоры қалыптстырылған.

Әр аймақта өз жерлестеріне тірек болатын және үміт артар тұлғалар бар. «Мектебіме тағзым» акциясын жастар, зиялы өкілдер, шенеуліктер, кәсіпкерлердің қолдауы өскелең ұрпақ үшін үлгі болады.

Жаңа оқу жылына арналған салтанатты линейкада, яғни 2017 жылдың 1 қыркүйегінде акцияның қорытындылары шығарылып, акцияның белсенді қатысушылары марапатталады.

Барлық түлектерді акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.