Home » Жаңалықтар » «Оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» көшпелі оқыту семинары өткізілді

«Оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» көшпелі оқыту семинары өткізілді

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының желілік жұмыс жоспарына сәйкес 2017-жылдың 4-мамыр күні Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебінің базасында «Оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» (кітапханалық бағдарламамен жұмыс) тақырыбында облыстық көшпелі тәжірибелік оқыту семинары болып өтті.

Семинарға аудан (қала) білім беру бөлімдерінің «кітапхана ісі» әдіскерлері, мектеп кітапханасының және институтың қызметкерлері қатысты.

Семинар жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері арқылы, кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсетуде электрондық бағдарламалар түрлерін жетілдіру мақсатында өткізілді.

Семинарды институттың «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы А.К. Ермагамбетова алғы сөзбен ашты. Инновациялық білім беру құралдары: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқаларды жетік меңгеру және кітапханалық бағдарламамен жұмыс жөнінде айтылды, іс-тәжірибе алмасулар болды, тренингтер жүргізіліп, ой-пікірлер ортаға салынды, ұсыныстар берілді.

Облыстық тәжірибелік семинарға белсенді қатысқан кітапхана қызметкерлеріне «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Алғыс хаттары мен сертификаттар табысталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.