Home » Балабақша » Кітап — рухани құндылық

Кітап — рухани құндылық

Қай елдің, қай халықтың болмасын оның мәдени деңгейі, сауаты, әрине кітаппен өлшенері анық. Осы мақсатпен жуырда жез қойнаулы Жезқазған қаласындағы КМҚК № 13 «Ертөстік» бөбекжайында 23-сәуір халықаралық кітап күніне орай «Кітап — рухани құндылық» атты тақырыппен ата-аналар, кітапхана ұжымы мен бөбекжай балаларының қатысуымен бөбекжай әкімшілігі және қазақ тілі мұғалімі Байдаралинова Эльмира дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты — «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын басшылыққа ала отырып, бөбекжай тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарына кітаптың рухани құндылығының мәні ешқашан жоғалмайтыны туралы насихаттау болып табылды. Негізгі ойымыз, кітапқа деген жас оқырмандардың құштарлықтарын ояту еді. Дөңгелек үстел барысында  жанға жайлы көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға барынша мүмкіндік жасалды. Кішкентай жас оқырмандарымыз үшін аймағымызға танымал жас балалар ақыны Ернұр Сейдахметтің қатысуы жиынымыздың мәнін ерекше асыра түсті. Балалар Е.Сейдахметтің «Тентек доп» кітабындағы өлеңдерінен үзінділер оқып, ақынмен жүзбе-жүз кездесе отырып, әр баланың көкірегінде «мен де осындай ақын болсам екен!» деген арман туындағынына көзіміз жетті. Ақынның «Тентек доп» өлеңіне жазылған әнді балалар орындағанда әрбір бала мен олардың ата-аналарының жүрегінде патриоттық сезім оянып, тіпті ақынның өзі шабыт алғанын сездік. Сонымен қоса кітаппен етене барынша жақындау мақсатында дөңгелек үстел барысында ата-аналар мен кітапхана қызметкерлері арасында «Біздің заман: кітап және компьютер» тақырыбында ойтолғау жүргізілді. Олар кітап құндылығының сарқылмас қазына екенін дәлелдей білді. Қызу пікір таластарға куә болдық. Іс-шара барысында балаларға арналып кітап көрме жұмысы да ұйымдастырылды. Балалар және олардың ата-аналары суретті ертегі кітаптарға қызығушылық танытып, кітап оқуға деген ынталарының артуына мотивациялық түрткі болды.

Міне, осындай негізгі ойымыз іс-шара барысында толықтай ашылып, ал келген қонақтар рухани азық алып тарасты.

Сатибалдина Лаура Ергаливна

«Жезқазған қаласының білім бөлімі

№13 «Ертөстік» бөбекжайы» әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.