Home » Білім және өнер » Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-инновациялық технологияларды қолданып, нәтижеге бағытталған білім беру

Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-инновациялық технологияларды қолданып, нәтижеге бағытталған білім беру

Қарағанды облысы, Шет ауданы, С.Сейфуллин кенті,
Жарық ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ляззат Боранкуловна Майбасова

 

Ақпараттық қоғамда білім беру: facebook, twitter, myspace, Wikipedia, youtube, google, т.б. көп түрлі. Тіпті атын жаттауға үлгермейсің. Демография, глаболизация, технология – қазiргi қоғамның негiзгi даму тенденциялары. Ақпараттық технологиялар

  • Компьютердің көп қолданылуы
  • Internet желісінің күнделікті өмірге енуі, бұл кең қолжетімді желілер және ұялы құрылғылармен қамтамасыз етілуі
  • Әлеуметтік желілер, виртуалды ғаламдық көп қолданбалы әртүрлі ойындар
  • Ақпараттық қоғамның дамуы, оның бөліктері:

Электрондық үкімет

Электрондық коммерция

Электрондық банкинг

Электрондық денсаулық сақтау

Электрондық білім беру

Қазіргі әлемде қандай бұйымдар пайда болды? Бұлар бізді жан-жақтан жаулап алуда. Бірін меңгерсек, бірі әлі қолымызға жеткен жоқ.

Бұл проблема. Осындай проблемадан мен өз жұмыс бағытымды анықтадым. Тақырыбы: Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-инновациялық технологияларды қолданып, нәтижеге бағытталған білім беру.

Қазіргі оқу үрдісінің өзегі жаңа технологиялар екені мәлім. Кез келген оқыту технологиясы мұғалімнен

  • Терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді;
  • Үлкен педагогикалық шеберлікті;
  • Шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.

Бүгінгі таңда қолданылып жүрген педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлықтарын дамытып, ізденімпаздыққа, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап, білім мен тәрбиені оқушылардың өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудемін.

Оқушыларға сапалы білім берудегі менің негізгі мақсатым

  • Оқушыға сапалы білім беру;
  • Алған білімдерін тәрбиемен ұштастыра білуге үйрету;
  • Сөйтіп, болашақта білім негізі қаланған шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатыма жету үшін алдыма мынандай міндеттер қойдым:

  • Білім сапасын арттыру;
  • Оқыту процесінде рухани бай, шығармашылық үйлесімді терең ойлайтын оқушы тәрбиелеу;
  • Оқушының даралығын дамыту.
  • Психологиялық қолайлылықты қамтамасыз ету;
  • Денсаулығын сақтау және қолдау.

Осы міндеттерді орындау үшін төмендегідей педагогикалық технологиялар  мен әдіс-тәсілдерді пайдаланудамын.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологияның бірі – дамыта отырып оқыту әдістемесі.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды бір ерекшелігі – сынып оқушыларын “жақсы”, “жаман” оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған, ал қабілетті оқушылардың ізденуіне, зерттеушілігіне, өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуіне жол ашылған.   Шығармашылық жұмыстың бастамасы – өзіндік жұмыс. Өзіндік жұмыс түрлері: логикалық ойындар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма), Тапсырманы түрлендіру (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өндеу), Әдеби шығармашылық жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу).

Технологиялардың жаңа түрлерін барлығымыз жақсы білеміз. Солардың ішіндегі өзім қолданып жүрген әдістерге тоқталайын.

  1. СТО: итермелеу сатысы (қызығушылықты ояту), конструкциялау сатысы (мағынаны тану), нұсқаулау сатысы (ой толғаныс) құрылымдық кезеңдерінен тұрады.
  • Қызығушылықты ояту:

“Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”,“Әлемді шарлау” т.б.

2)Мағынаны тану

  • V – “білемін”
  • + — “мен үшін жаңа ақпарат”
  • “мен үшін түсініксіз”
  • ? – “мені таң қалдырады”

3) Ой толғаныс:

  • “Бес жолды өлең”
  • “Венн диаграммасы”
  • “Еркін жазу”
  • “Семантикалық карта”

Мен топқа бөлу әдісін жиі қолданамын. Топқа бөлудің бірнеше түрлері бар. Соның бірі фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну. Бұл жерде оқушыларға әр фигураның өз қасиеті мен ерекшелігін түсіндіремін. Мысалы,

ШаршыҮшбұрыш
ЖағымдыЖағымсызЖағымдыЖағымсыз
Шаршамайтын еңбекқор, жұмысты соңына дейін апарады, төзімді, шыдамды, жүйені жақсы көреді, өз саласының эрудиті, барлығын ереже бойынша істейді, тәртіпті жақсы көреді.Жан-жалға жақын, адамдармен қарым-қатынаста суық, есеппен жұмыс істейді.Лидер,жігерлі,өзіне

сенімді, атақ құмар, тез

шешім қабылдайды,

қажырлы тұлға.

 

Шыдамды, тәуекелшіл, өзім

шіл, өз мақсатына кез келген жолмен жетуге ұмтылады.

ТөртбұрышШеңбер
ЖағымдыЖағымсызЖағымдыЖағымсыз
Әуесқой, батыл, барлық

құбылыстарға қызығушылық білдіреді.

Өз өзіне көңілі толмайды, өзін төмен бағалайды, сенгіш.Мейірімді, көпшілікпен тіл табыса алады, сезгіш, әділетті, тума психолог, жанашыр, тыныштықты қалайды.Мінезі жұмсақ, жасқаншақ.
Қисық
ЖағымдыЖағымсыз
Шығармашыл, қатал, жүйелі, өз ортасынан өзгеше ойлайды, идея үшін өмір сүреді, сұранбаса да көмек бергіш.Бастаған істі соңына дейін апармайды, тез көтеріледі, талапшыл емес, шыдамсыз,

өз айтқанынан қайтпайды.

  
  1. Блум бойынша  құрастырылатын тапсырмалардың деңгейлері:
  • Бірінші деңгей – Білу
  • Екінші деңгей – Түсіну
  • Үшінші деңгей – Қолдану
  • Төртінші деңгей – Талдау
  • Бесінші деңгей – Синтез
  • Алтыншы деңгей – Бағалау
  1. Оқу қызметін ұйымдастыру технологиялары : «Генеалогиялық ағаш», «Жад картасы», «Топтастыру»(классификация), «Ақпаратты сызба түрінде беру» , «Балық сүйегі», «Өрмекші».
  2. “Екі жақты күнделік” әдісі, т.б.

Сабаққа дайындалғанда әдістемелік құрал, дидактикалық материалдардың 20%-ын ғаламтордан аламын, 30%-ын қолмен сызамын, 50%-ын компьютермен жасаймын. Бұл пайыздың көрсеткіші уақыт тапшылығынан пайда болған.

Осы жұмыстарды орындау барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздім:

  • сабақ түбегейлі оқушыға бағытталып, ұжымда қарым-қатынас орнады;
  • оқушылардың өз беттерінше әртүрлі шешімдер қабылдайды, жауапкершіліктері артты;
  • ойларын жүйелеуге, ашық айтуға үйренді;
  • Шығарма, төрт жолды өлеңдер, әңгіменің негізгі ойын айтып, сипаттай алатын болды.

Елбасы  «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың ұстанымына айналуы тиіс»  демекші, менің бүгінгі білгенім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз. Бұл менің бүгін жасағаным. Бірақ, әлі менің ертең жасайтыным, жақын арада жасайтыным, ары қарай жасайтыным көп…

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Бастауыш мектеп» № 5, 2008ж
  2. http://www.zkoipk.kz/ru/nisconf2s/700-conf.html
  3. http://www.rusnauka.com/8_NMIV_2013/Pedagogica/4_131265.doc.htm

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.