Home » Айтарым бар »  Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс

 Ұлағатты ұстаздарға мың алғыс

 Ақпан айының  екінші жұлдызынан бастап, он үшінші ақпанға дейін өзін-өзі тану  пәні бойынша — «Махаббатпен шығармашылық» атты он күндік апталығының ашылу салтанаты өтті. Мұнда өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімдері оқушылармен бірлесе отырып, іс-шараның өтуіне зор үлестерін қосты. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші мұғалімдер өздерін талантты да жігерлі оқушыларымен ерең еңбек етіп, ашылу салтанатын мерекелі де, берекелі өткізді. Жарқ еткен бүлдіршіндер өздерінің өнерлерін аямады. Ұстаздар ықыласына бөленді. Сонымен қатар кітапхана меңгерушілері «Мейірім төгетін ана» атты тақырыпта көрме ұйымдастырды. Әр ұстаз ашық тәрбие сағаттарын өткізді. Атап айтатын болсам, «Мейірімділік- асыл қасиет» тақырыптарында Л.Д.Акемиева, Әнес Хуандаг, Г.А.Ахметова.

А.А.Чурчутбаева   атты ұстаздарымыз тәрбиелі де, мағыналы адами қарым-қатынастарды ескере отырып, тәрбие сағаттарын өткізді. «Қызығы толы – бұл әлем» атты тақырыпта  А.А.Сейсенбаева, Хуаныш Гулдариға ұстаздарымыз  өте қызықты  дөңгелек үстел барысында оқушылармен сан алуан әлем қызықтарымен оқушыларды баурай отырып, әлем қызықтарымен таныстырып өтті. «Доброта – солнце» атты тәрбие сағатын үлгілі, тәжірибелі ұстаздарымыз С.К.Кызырова, Т.И.Слипец өзінің  шеберлік біліктіліктерімен көзге түсті. «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу сайысынан Жунусова Ж.С  мұғалімнің көмегімен, Каден Мөлдір және Дашын Бөпелай есімді оқушыларымыз алға озып шығып, өздерінің шығармашылыққа деген махаббаттарын және ұстаздардың еңбегі зор екеніне көз жеткізгендерін жасырмады, бұл да ұстаздардың еңбегінің жемісі деп айта аламыз. Сонымен қатар Ғылымхан Есения мұғалімнің жетекшілігімен «Ән – көңілдің ажары» атты ән байқауын салтанатты түрде өткізілді. «Өнеге-отбасынан»  тақырыбында Зымыра Фариза ұстазымыз салт-дәстүр барысында дөңгелек үстел өткізді. Мұның барлығы ұлағатты ұстаздардың, ұжымымның шәкірттерімізді жан-жақты тәрбилеп, бойындағы шығаршылық қабілеттерін шындауына бағыттап жатқан, еңбектерінің айғағы.  Сондай-ақ, мектебімізде үлгілі, өнегелі, тәжірибелі мейірбан жан ұстаздарымыздың арқасында адамгершілікке, инабаттылыққа, сүйіспеншілікке, тәрбиелейтін іс-шаралар қатары көбейіп, өткізілуде.  О. Бальзак «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» демекші Отанымызға лайық ұрпақ өсіру, оның бойына адалдық, тазалық, қоғамның болашағына еңбек етуге құштарлық сияқты мінез- құлықты дарыту ұстаздық міндетім деп түсінемін. Әр өткізілген іс-шарама  белсене ат салысқан ұжымымдағы ұлағатты, абзал жандар  ұстаздарыма  еңбектеріне жеміс, еліміздің болашағын ойлайтын саналы да саралы шәкірттер тәрбиелеп, биік белестерді бағындыратын толағай табыс тілеймін!

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға берер тәрбиесі, мейірім шуағы шапағаты шексіз терең теңіз сияқты. Осы пәннің   жүрегіме жақындылығы соншалықты шәкірттерімізді қайырымдылыққа, бақытқа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелейтінін  жылулық сыйлайтын пәннің бірі екенін естен шығармайық дегім келеді.

Қорыта келе, Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев қай кезде болмасын ұстаз атаулыны ерекше құрметтейтіні баршамызға мәлім. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойындағы білім мен ізгілік нұрын себуі – ұстаздардың қолында деп ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін әрбір жолдауында айтып, ұстаздар бізге биік шыңға жетуімізге күш беріп беріп, жетелеп отырады. Біздердің биікке самғауымыз тәлім-тәрбие берген, білім алуымызға жағдай жасаған құрметті  ата-анам және білім нәрін бойымызға сіңірген ұлағатты  ұстаздарыма   шексіз алғысымды білдіремін. Ендеше, егемен елімізге ой-өрісі жоғары, білімді, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақты оқытып тәрбиелеу қажет екенін жадымыздан шығармайық!                      

                                  Еркіншілік орта мектебінің
өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімі
Гулдариға Хуаныш
Ақмола облысы
Ерейментау ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.