Home » Мақалалар » Оқушыларға сындарлы білім беру жүйесі

Оқушыларға сындарлы білім беру жүйесі

«XXІ ғасыр – білім ғасыры» демекші, егеменді еліміздің білім беру жүйесінің қазіргі кезеңін әлемдік деңгейдегі білім беру саласынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңгейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең ауқымдағы өзгерістер үшінші мыңжылдықтың білімді, саналы, парасатты жастарын тәрбиелеушілерге үлкен міндет тұр. Жас ұрпақтың жаңашыл түрде ойлауына , олардың біртұтас ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру — жалпы білім саласындағы ең өзекті, кезек күттірмейтін мәселе.

Әлем өзгергендіктен сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті. Мына жылдам өзгеретін әлемде жаңа бағыт беріп отыратын мұғалім қажет.

Осы жиында менің тілге тиек етер мәселем, сындарлы білім беру жүйесіндегі оқытудың жаңа тәсілдері модулінің сабақта қолданылу барысы. Оның ішінде диалогтік оқыту мәселесі. Сындарлы оқытудың негізін қалаған Хэттидің білім жүйесінде Александердің пайымдауынша диалог арқылы мұғалімдер оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және кездесетін түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Ал, Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын жорамалдайды. Сондықтан оқушының білім сапасын арттыруда әлеуметтік қолдау мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен жолығуы оқытудың тиімді жағы болмақ.

Психолог Лев Выготскийдің ЖАДА пікірі, Мерсердің үш жақты әңгіме туралы пікірі, Барнстың тіл туралы айтқаны, сонымен қатар сұрақ қою техникасы , осы іс-әрекеттердің барлығы сауатты түрде жүзеге асырылса диалогтік оқыту өз мақсатына жетеді.

Мен, СТО стратегияларын қолданған кезде жұптық, топтық, пікірталас, зерттеушілік әңгімеде, диалог кезінде оқушылардың бір-біріне деген ынтымақтастық сезімдері байқалды, сұрақтарға жауап беру белсенділіктері, бірін-бірі түсіну мүмкіндіктері байқалды. Оны мен оқушылардың іс-әрекеттерінен байқадым. Әсіресе, диалог барысында оқушылар сабақ мақсатына, нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайды және Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікіралмасуда» тең құқылы серіктестер болып табылады.

Мерсер ұсынғандай, егер балаларға бір-бірімен сұрақ қоюға, сөйлесуге мүмкіндік берілсе, олар бір-біріне өз ойларын айтар еді және пікір алмасу барысында өз пікірлерін негіздеуге мүмкіндік болар еді. Сұрақ қою және оған дұрыс жауап беру маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ол сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады. Қазір, мүлде басқаша, біз оқушы сұрақ қоямыз, оқушы жауап береді, жауап бере алмаса, топ мүшелері көмектеседі, бірін-бірі қолдайды, бірін-бірі демейді, оқушы өзін жайлы сезініп, ортаға тез бейімделе алады деп ойлаймын.

2013-2014 оқу жылының басында Кембридждік білім беру курсын аяқтаған, сертификатталған мұғалімдер Кембридждің білім беру бағдарламасын басшылыққа ала отырып, сабақ беретін сыныптарына арнап, тізбектелген сабақтар топтамасын орта, қысқа мерзімдік жоспарларын жасады, қараша айында ІІ деңгейлі мұғалімдер М.А. Қойшина мен М.Ж.Курманов коучинг семинар берді, ал ІІІ деңгейлі С.Ж. Қозыбақова, Ж.С.Бекетова, Д.Б. Оспанов және Қ.Ә. Есмағанбетова шеберлік сабақтарын өткізді.

Олар өз сабақтарында оқытудың жаңа тәсілдерін қолданып отырды.

Әріптестерім осы сабақтарға сындарлы оқытудың 7 модулін ықпалдастыру арқылы сабақ берудің жаңаша тәсілдерін қолдануды, жете бақылауды және оқушылардың қажеттіліктеріне орай әрекет етуді  басты назарға алды. Сабақтардың барлығында жеті модуль идеясы сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер арқылы өзара байланыста болды. Бұл сабақтарға, семинарларға тәжірибе, пікір алмасу мақсатында мектебіміздің курсқа қатыспаған мұғалімдері міндетті түрде қатыстырылды.

Осы сабақтар барысында мен оқушылар іс-әрекетінде мынадай жайттарды байқадым, оқушылар бір-біріне бауырмал, жанашыр, бірінің сөзін бірі толықтыра алады, бір-біріне өз ойларын, идеяларын ашық түрде жеткізе алады, ең бастысы оқушылар бірін-бірі үйретеді, оқытады және тәрбиелейді, сыни тұрғыдан ойлана алады. Ал, мұғалім ретінде менің түйгенім, сындарлы оқытудың тиімді жақтары көп екен, бұны мен осы сабақтарды өткізгеннен кейін байқадым.

Өзге тілді ұлт өкілдері болғандықтан бақылауға алынған сыныбымда мынадай кедергілер орын алды: танымдық кедергілер, олар қазақ тіліне тән дыбыстарды жеткілікті түрде меңгере алмауы, қазақша сөздік қорының аз болуы, өз ойын ашық айта алмауы, эмоциялық кедергілер көбінесе тұйық мінезді балаларда кездеседі. Сабақ оқыту үрдісінде орын алатын кедергілер, қобалжулар орын алды, тұйық мінезді балалар өз ортасында орнын таба алмай , тіл табыса алмай қиналған сәттер орын алды. Осындай кедергілердің орын алуы сыныбымдағы ынтымақтастық атмосферасын құруды талап етті және жағымды психологиялық ахуалды туғызуға ықпал етті.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап» деп, Абай атамыз жырлағандай, расында да әр тұлға өзіндік ішкі уәжбен, ішкі ынтасының туындаған білімімен жұмыс жасаса, тұлға ретінде қалыптаса алса, онда ол адам өмірде өз орнын таба алар еді.

Идирисова Гулбану Алдашовна

Сәтбаев қаласы, «№15 жалпы орта білім беретін

мектебі» КММ оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.