Home » Мақалалар » Астанам – бас қалам

Астанам – бас қалам

“Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру” бағдарламасы аясында аудандық Май ауданының “Шамшырақ” газеті мен аудандық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаныңда, елімізде бастау алған “Астана 20 жылдық” мерейтойына орай аудан мектептері оқушылары арасында шығармашылық байқау жарияланды.

Жазылған шығармалар тәуелсіздік жолындағы күрес, бас қаламыздың құрылғандығы, ел тарихындағы елеулі оқиғалар сипаттамасының көрінісі негізінде жазылып, өлеңмен, эссе, әңгіме, мақала түрінде көркемделді.

Байқау қорытындысы бойынша аудан әкімінің мадақтамасымен біршама оқушылар марапатталды.

Көктөбе орта мектебі бойынша Жағыпар Ғабдулғазиз, Мерзихан Данель, Сайлаубаева Жансая болса, Амангелді Иманов атындағы орта мектебінен – Болат Оралхан, Жалтыр орта мектебі бойынша — Ілияс Аружандар болды.

Л.Теміртасқызы,

Білім айнасы,

Павлодар облысы, Май ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.