Home » Жаңалықтар » «Наурыз — думан тамаша!»

«Наурыз — думан тамаша!»

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №13 орта мектебі оқытушысы Ғайни Жолбарысқызының ұйымдастырған «Наурыз –думан тамаша!» атты сайыс сабағы «Жарқын ақыл» білім және даму орталығында өтті.

Жиын тойда айтылар сөздің басы — құттықтау сөз кезегін орталықтың  директоры Ақансері Жанболатұлына беріледі. Мерекелік іс-шараның ашылуын Сая Ахметжанқызының орындауындағы Мереке әнімен бастап кеттік. Мерекелік сайыс сабағымызды «үздік жүргізуші» байқауының қатысушылары Нұрмағанбет Дінмұханбетжан мен Еңлік Ғабитқызы жүргізіп отырды. Алдымен  сайысқа қатысқалы тұрған 5 «ж» сыныбының оқушыларынан  құралған топтарды қарсы алуымыз бізге қызықты әрі әсерлі болды. Яғни әр топ бес бөлімнен тұратын тапсырмалар ретімен өз жұмыстарын көрсете білді.Әр айналым арасында ән,би,күйден құралды.

Бірінші айналым: Таныстыру. Топ ұранын айту болды.

Осы айналымда әр топ басшылары  топ атаулары мен ұрандарын ортаға шығып таныстырып отырды. 5 «ж» сыныбының оқушылары мынадай төрт топқа бөлінді, олар;көкпар, бәйге,алғыр,зерек.

Күй кезегінде  5«ж» сыныбының оқушысы Арман Нұрлыбекұлы күмбірлете күй шертті. Жеке орындаушылар қатарында сыныбымыздың күміс көмей әншілері де ән шырқады. Атап айтар болсам Гүлназ Ерболқызы «наурыз көктем» әнін нақышына келтіріп орындай білді.

Екінші айналым: Ұлттық киім үлгісін көрсету бөлімі.Бұл бөлімде әр топтан бір ұл бір қыз баладан шығып ұлттық киім үлгісін көрсету болатын. Әр топ бұл айналымға да ұқыптылық танытып қарағандарын аңғартты.

Екінші айналымнан кейіңгі кезек әнге берілген сәтте сыныбымыздың күміс көмей әншісі  ән шырқады. Атап айтар болсам Гүлназ Ерболқызы «наурыз көктем» әнін нақышына келтіріп орындай білді.

Үшінші айналым: Салт –дәстүрлерден сұрақ-жауап бөлімі.

Бұл кезеңнен де қатысушы топтар алғырлық танытып ,зеректіктерін көрсетті.

Жыр термені жүрекпен тебіренте орындай білген термеші шәкіртіміз Әлихан Темірбекұлы болды.

Төртінші айналым: Бата беру.

Төрт топтың батасын тыңдап әділқазылар алқасы өз ризашылықтарын білдірді.

Би кезегінде ұлдар мен қыздар мың бұрала би биледі.

Бесінші бөлім: Үй тапсырмасы. Банерді бағалау.

 Одан әрі сөз кезегін  Әділқазылар алқасына ұсынған болатынбыз,ол кісілер әр топты түрлі номинациялармен марапаттап кеш соңында естелікке суретке түсті.

 

Жезқазған қаласындағы

№13 орта мектебінің

5 «ж» сынып оқушысы

Диана МӘДИҚЫЗЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.