Home » Жаңалықтар » Келелі кездесу

Келелі кездесу

 

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебінде дәстүрлі түрде қолға алынған «Сенбідегі кездесу» айдарымен көптеген маңызды кездесулер өткізіліп отырады. Кезекті келелі кездесуімізге қонақ ретінде шақырылған құрметті қонақтарымызбен таныстыра өтсем Ильясов Нығмет Ильясович Жезқазған қаласының құрметті азаматы және Есенбаева Гүлзағира апа. Нығмет ағамыздың еңбек жолына қалай келгенін өз аузынан естіп оқушылардың көкейінде жүрген күрделі де қызықты сұрақтарына жауап алғанын аңғардық.  Кездесу 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Ол кісінің айтуы бойынша  Мәскеу қаласындағы түсті металлургия институтын бітіріп еңбек жолын Қара шаңырақ Қарсақбайда бастаған екен. Өзінің тынымсыз еңбектенуінің арқасында Нығмет ағамыз Жезқазғандағы қазақмыс корпарациясының  бас металургы қызметін атқарған. Оқушыларға металургия жайлы біраз мағлұматтар беріп ұзақ әңгіме барысында бұл мамандықтың қызығы мен қиыншылықтары туралы біраз түсінік берді. Нығмет Ильясович кеңес одағы кезінде мемлекеттік сыйлық иегері болған.  Гүлзира апамыз өзі нәзік жанды болғанына қарамастан өзінің мамандығы ауыр да күрделі бола тұра еш қиындықсыз кранның құлағында ойнай білген. Кейіңгі келген жас мамандармен өз  іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып сапалы мамандарды тәрбиелей білген. Келген қонақтарға оқушылар өз алғыстарын ән мен күймен жеткізіп, жырдан шашу шашты.

Осындай келелі ой түйетін майталман маман иелерімен кездесу жүргізуді қолға алып, оқушыларға үлгі боларлық мазмұнды кездесуді жоспарлап жүргізген 8 «е» сынып жетекшісі Гүлжахан Жұмадильдиновна мен 7 «д» сынып жетекшісі Рымжан Иманбаевна және 7 «ж» сынып жетекшісі  Мадина Алиқызы болатын.

Осы аталған сынып жетекшілерімізге сеніміміз зор әлі де талай оқушыларға мамандық тандай білуіне дұрыс бағыт – бағдар бере отырып талай елдің азаматын осы біздің мектебімізден шығаруға өз үлестерін қосатынына. Кеш соңында оқушылар мен қонақтарымыз  естелікке суретке түсті.

Гүлмира Темирхановна

№13ЖББОМ

Жезқазған қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.