Home » Жаңалықтар » «Мәңгілік Ел – ұлт мұратының ұйытқысы» атты мұражайлар семинары

«Мәңгілік Ел – ұлт мұратының ұйытқысы» атты мұражайлар семинары

 

Мұражай – тарих, мұражай – шежіре. Мұражай – білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы – мұражай. Мұражай – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, тарихымыздың өткені мен бүгінін жалғап отыратын мәдени орталықтарының бірі. Сондай-ақ мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде: «Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл-ойы мен іс-әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады. Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы – мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды… Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді» делінген.

Осы бағдарламаның аясында бүгінде еліміздің барлық өңірлерінің білім басқармасы мен мектептерінде мұражайлар есігін айқара ашты. Оны ұйымдастыру шаралары жыл сайын дамып келеді. Бірақ әр өңірде, әр  мектепте өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар. Сонымен қатар оны ұйымдастыруда қиыншылықтар мен  кедіргілер де кездеседі. Осы кедіргілер мен қиыншылықтарды қалай жеңуге болатынын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мұражай бөлімінің бастығы, әдіскері Жунусова Алия Рахметжановнаның «Мәңгілік Ел — ұлт мұратының ұйытқысы» тақырыбында облысымыздың барлық мектептерінің мұражай жетекшілеріне арналған облыстық семинарынан танып білдік дейді семинарға қатысқан мұражай жетекшілері.

Семинар барысында Алия Рахметжановна ПҚБАИ мұражаймен таныстырып, облысымыздың білім беру жүйесінің даму кезеңімен қатар еңбек сіңірген және соғыс ардагер ұстаздардың ерен еңбегімен таныстыра келе ұстаздардың кеңес дәуірінде қолданылған технихалық құралдарын көрсетіп, ХХ ғасырға саяхат жасағандай болдық. Мұражайдан алған әсеріміз өте зор болды. Семинардың оқу-тақырыптық жоспары  ойынша мұражай кеңістігі азаматтық елжандылықты қалыптастыру, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, өскелең ұрпақты табысты әлеуметтендіру ресурсы ретінде практикалық жұмыс арқылы қатысушылар топпен жұмыс атқарып, өз білгендерімен өзгеге бөлісе білді. Топтық жұмыс өте тартымды, қызықты  өтті.

Семинар соңында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы  мәтінінде облыстық білім мекемелері ұйымдарының «Мәңгілік Ел – ұлт мұратының ұйытқысы» облыстық байқауын өткізу шарттары, бағалау критерийлерін бекіту туралы пікірлер алыстық. Семинардың әрбір мұражай жетекшілеріне үйреткені де, үйретері де мол болды. А.Р. Жунусованың ұйымдастырумен өтетін мектеп мұражайлар сайысының мәресі де  лыс емес.

Семинарға қатысушылар атынан Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ директорының м.а. Н.Шпигарь, мұражай бөлімінің бастығы Жунусова Алия Рахметжановнаға мен мұражай қызметкері Тақырбасов Ерсін Қасқиұлына шексіз алғыс айтамыз.

Құрметті мұражай жетекшілері бүгінгі жас ұрпақты тәлім-тәрбие беруде сіз бен біздің ісіміз маңызды рөл атқарады. Сондықтан сіздерге   әттілік тілеймін!

 

 

                                                                       Асен Аманжол 

Ақсу қаласы, Қызылжар орта мектебі

                                                                    «Шаңырақ» мұражай  жетекшісі,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.