Қазіргі уақытта қоғамның рухани саласындағы өмірге ерекше мән берілуде. Өскелең ұрпаққа адамгершілік және көркем-эстетикалық тәрбие беруде өнердің рөлін арттыру қажеттілігі ұлғаюда. Осы орайда музыкалық өнердің рөлі маңызды. Балалық жаста музыкалық талғамды, әсершіл елгезектікті дамыту — адамның музыкалық мәдениетінің іргетасын, оның жалпы рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде жасайды.
Балаларды эстетикалық тәрбиелеудің рөлі
Эстетикалық тәрбие — баланы тәрбиелеудің маңызды жағы. Ол баланың сезімдік тәжірибесінің, тұлғаның әсерленгіш ортасының баюына ықпал жасап, болмыстың адамгершілік жағын тануға әсер етеді (балалар үшін «әдемі» және «мейірімді» деген ұғымдар бірдей екені белгілі), танымдылықты да арттырады, тіпті физикалық дамуға да әсер етеді. Эстетикалық даму-эстетикалық тәрбиенің нәтижесі болып табылады. Эстетикалық тәрбие міндетінің мәнісі келесіде: табиғаттағы, өнердегі, қылықтағы әдемілікті сезу және көру қабілетін дамыту; сұлулықты тануда қажеттілікті, көркемдік талғамды тәрбиелеу, сонымен қатар әр түрлі өнер саласында көркемдік іскерлікті қалыптастырады.
Музыка, көркемсурет, әдебиет, сәулет, театр… сияқты өнер эстетикалық тәрбие құралы болып табылады. Өнердің әр түрі адам санасының қызметімен байланысты болады. Сананың ерекше түрі бола тұра, ол өзінің танымдық нәтижесін әр түрлі құралдармен нығайтады: поэзия — сөздермен, мүсін — пластикалық материалдармен, ал музыка – дыбыстармен. Музыкалық өнер адамға, оның өмірінің алғашқы жылдарында-ақ тікелей әрі қатты әсер етеді, оның жалпы мәдени дамуында үлкен орын алады. Музыкаға тартылу — баланың эстетикалық тәрбиесіндегі ең маңызды жол, себебі музыка әсіресе сезімге қатты әсер етеді, ал сезім арқылы оның айналасындағы құбылысқа да әсері бар
Музыка эмоционалдық ортаны дамытады. Музыкаға деген эмоционалды елгезектік- ең маңызды музыкалық қабілеттіліктердің бірі. Өмірдегі эмоционалды елгезектік тұлғаның мейірімділік, басқа біреуге жаны ашу сияқты қасиеттерін тәрбиелеумен байланысты.
Музыка балаларды ақыл-есі жағынан да дамытады. Музыка туралы танымдық мәні бар әр түрлі мәліметтерден басқа, ол туралы әңгімелесу эмоционалды-образдық мазмұнның сипаттамасын енгізеді. Балалардың сөздік қоры музыкада берілген көңіл-күй мен сезімді сипаттайтын бейнелі теңеу және өрнектермен толығады.
Келесілер музыкалық тәрбиенің негізгі міндеттері болып саналады:
- Музыкалық мәдениеттің басын қалыптастыру, жалпы рухани мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасау;
- Әр түрлі іс-әрекеттің көмегімен әр баланың мүмкіндігін ескере отырып, балалардың музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Музыкалық іс-әрекет ретінде музыканы қабылдау және осы қабылдау тәжірибесі негізінде балалардың шамасы жететіндегі орындаушылықты, музыкалық аспаптарда ойнауды, музыкалық-ритмикалық қозғалысты, әнді айтамыз.
Ән айту-өз кезегінде, балаларды музыкалық-эстетикалық тәрбиелеу жүйесінде жетекші орын алады. Музыкалық іс-әрекеттің бұл түрін оқушы ағзасын нығайту құралы ретінде қарастыруға болады.
Ол дұрыс демалуды қалыптастырып, өкпе мен дыбыстау аппаратын нығайтады, дене мүсінінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.
Ән айту үрдісі барысында тұлғаның ерік, жинақылық, шыдамдылық сияқты маңызды қасиеттері қалыптасады, баланың музыкалық-есту елестері, ладтық және музыкалық-ритмикалық сезімдер сынды музыкалық қабілеттері белсенді түрде дамиды. Балалардың хор шығармашылығы музыкалық-эстетикалық тәрбиелеудің ең мықты және ерекше көп таралған құралдарының бірі болып табылады.
Біріншіден, хор музыкасы шығармашылық үрдіске балалардың шектеусіз көп бөлігін тарта алады, екіншіден, ол балаға оған табиғат берген шынайы музыкалық аспап — адам дауысын пайдалануға рұқсат береді; үшіншіден, интонацияланған сөз секілді салмақты дәйекке сүйене отырып, хор музыкасы аспапты музыкаға қарағанда өлшеусіз үлкен тәрбиелік функцияға ие болған.
Ән айту іс-әрекетінің міндетіне келесілер кіреді:
- Балалардың жан-жақты рухани және физикалық дамуына ықпал жасау.
- Вокалдық жалпы музыкалық мәдениеттің негізін қалыптастыру
(эстетикалық эмоциялар, қызығушылықтар, бағалар, вокалдық-хорлық икемділік пен дағды).
Бұл міндеттер белгілі бір репертуардың негізінде, қарым-қатынастың тиісті әдіс-тәсілдерін, балалардың музыкалық іс-әрекетін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын қолдану арқылы шешіледі.
Ән айтудың эстетикалық әсеріндегі ерен қарқындылық музыка мен сөз арасындағы байланыспен түсіндіріледі.
Ер балалар хорындағы жұмыстың психологиялық және қарым-қатынастық ерекшеліктері
Бүгінгі күні балалардың хор әні айтарлықтай биік деңгейге жетті. Бізге үлгі болып, оларға қарап сап түзеуге болғанымен, балалардың хор шығармашылығының бұқаралық деңгейі әзірше көңіл көншітпейді. Өкінішке қарай, өзімен жасты қыздарға қарағанда мутациялық кезеңге дейінгі дауыс табиғаты әлдеқайда бай ер балалардың көпшілігі, шын айтуға келгенде көркем хор әнінен аластатылып қалған. Мектепте ер балалардың хорының болуы өте сирек кездеседі. Солай бола тұрғанмен, көптеген бозбалалар мен ерлердің тамаша ән айтып үйренуге жеткілікті табиғи қабілеттері бар.
Көптеген балалар, әсіресе, 5жастан 13 жасқа дейінгі ер балалар мектептегі тыңдаулар кезінде тым шектеулі диапазон көрсетеді және әуенді аз-кем дәл дауыспен кварта – секста шеңберінде, негізінде кіші және бірінші октавада айтады. Солай бола тұрғанмен, олардың сөйлеу дауысы мен ән айту дауысының тембрлары сәйкес келеді, яғни балалар «қалай сөйлесе, солай ән айтады».
Ал егер де, баладан «өте нәзік», «кішкентай сәби сияқты», «маса сияқты» және де тағы басқалай ән айтуды сұрасаң, ауызды қалай ашу керектігін, төменгі жақты қалай әдемілеп түсіруін көрсетсең, нәзік күлкі(шиқыл болса да) тудыратындай кішкентай қабырғаларынан ептеп қытықтап қойсаң, зейіндерін пайда болған жаңа, жарық және жеңіл тембрге, дауыстың «құстыкі сияқты», жоғарыда, баста айтылуына аудартсаң, «таңғажайып керемет» болып, «дауыссыздардың», «музыкалық түйсікті қабылдауға қабілетсіздердің», «шуылдақтардың» музыкалық түйсікті қабылдауға қабілеттілігі, жақсы дауысы мен дұрыс ән айтудағы дыбыс қалыптастырудың үлкен диапазоны байқалады. Баланың дауысын жеңіл, таза үн шығаруға келтіре алған сайын, нәтиже де дәл солай биіктей түседі.
Бұл өзгерістің себебі мынада: балалардың сөйлеу дауысы көбінесе, былайша айтқанда, «кеуде» регистрінде қалыптасады. Дыбысты қалыптастырудың осындай тетігі жоғары дыбыстарды айтуды шектейді.
Жақсы ән салатын балалардың дыбысты қалыптастыру үрдісін зерттеу нәтижесінде ер балалардың екінші регистрге тән желбезектердің қабысу тетігінде ән айтқаны, сонымен қатар сол кезде «олардың дауысының спектрі музыкалық аспаптардың спектріне жақындайтыны» анықталды. Ән айту дауысының екінші регистрі дауыста жоғары жиіліктің пайда болуына апаратын, жеңіл және ұшпалы дауысты тудыратын желбезектер тербелісінің шеттік типімен, еркектің жіңішке дауысымен сипатталады. Ал кеуде регистрі дауыс бұлшық еттерінің баршасының тербелісімен және желбезектердің бар тереңдікке қабысуымен сипатталып, нәтижесінде дауыста төменгі жиіліктің пайда болуына әкеледі. Кеуде регистрінен фальцетті регистрге дыбыс қалыптастыруды қайта құру дыбыстарды диапазон бойынша жоғары айтуда дауыстың мүмкіндіктерін бірден арттырады
Дыбысты қалыптастырудың жеңілдігі есту түйсігінің дәл болуына жағдай жасайды. Сол себепті де көптеген «ән айтпайтын» балалардың фальцеттік регистрде бірден дауысы мен музыканы түйсікті ұғыну қабілеті анықталады. «Ән айтпайтын» балаларды табиғатынан вокалды-музыкалық қабілетке бай балалар интуитивті істейтіндей, фальцетты регистрді пайдалануға үйрету қажет. Сол уақытта балада екі дауыс пайда болады: сөйлесу-кеуде және фальцеттік немесе «бас дауысы», олай аталу себебі дауыстың фальцетті регистр болып қайта құрылуы жұмысқа бас резонаторларының бірінші кезекте қосылуымен байланысты.
Ер балалардың дауыстарында дауыстың фальцетті регистр болып қайта құрылуы ерекше байқалады. Ер балалардың ән айту дауыстары сол жастағы қыздардың дауысымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктерге ие. Ең алдымен, бұл қыздармен салыстырғанда дауыс типінің тым ерте білінуі. Ер баланы кеуде регистрін де, фальцетті регистрді деп пайдалана отырып, ол үшін мүмкін болатын барлық диапазон бойынша тексеру керек. Қозғалысты төменнен, бірінші октавадан кішіге қарай бастау қажет.
Альт дауысты ер балалар кеуде регистрінде тығыз тембрді байқатып, диапазон бойынша төмен қарай еркін жүреді және кіші октавадағы «фа»-ны жеткілікті дәрежеде таза айтады. Кейін диапазон бойынша жоғары жүре отырып, «ля» шамасында, тіпті «си-бемоль1» -де, олар фальцетті қосып, одан әрі жоғарғы жіңішке дауысты тембрмен «ми », «фа » и «соль »-ға дейін көтеріледі.
Альттардың дыбыстарының жоғарғы болуы артық күш жұмсауға байланысты болады. Осылайша, дұрыс ән айтатын альт дауысты ер балалар 7 жасында-ақ екі және одан да көп октавадағы диапазонды байқатады.
Ал осы жастағы жіңішке дауыстылар кеуде регистрі тетігін пайдалана отырып,«ля», «ля-бемоль»-ға дейін түседі, және те кіші октавадағы «соль»-ды әрең дегенде алады. Диапазон бойынша жоғары жүре отырып («фа1» октавасы шамасында), фальцет тетігіне көшкенде олар жеңіл, жарық тембрмен, соншалықты күш салмай-ақ «фа », «соль »-ға жетеді, көпшілігі «ля-бемоль», «ля »-ға дейін көтеріледі. Төменде де, жоғарыда да, дискант тембрі альттық тембрдан жеңілдігімен, барынша ашық түсімен ерекшеленеді. Оларда төменгі дыбыстарда кеуде регистрінің дыбысталуы өте әлсіз. Бұл жаста барынша шынайы дыбысталатын аймақ- «соль1 — ми2, фа2».
Ер балалардың осыншама ерте жаста анықталған ән айту дауыстарының диапазоны мен типі одан әрі өзгермейтіні қызық (дискан диапазоны сәл кеңейеді).
Жастары ұлғайған сайын ер балалардың дауыстары қатайып, ширақтығы жетіледі, тембры байытылады, ал пайдаланып жатқан диапазоны 7-8 жаста екі, екі жарым октаваға жетеді.
Фальцеттік дыбыс қалыптасуы кезінде дыбыс саңылауы тығыз қабыспай, үлкен желбезек асты қысым дамымағандықтан дыбыстың абсолюттік күші үлкен бола алмайды.
Осы себептен де, фальцеттік дыбыс қалыптасуы кезінде ер балалардың дауысы ақырын шығуы қажет.
Қыздарға қарағанда, ер балалардың (альт болсын, дискант болсын), кішкентай кезінен-ақ, бірдей тесситурлық жағдайда дауыстары қарқынды шыға бастайтыны байқалған. Академиялық ән айту тәсілі қандай болуы керек? Ең алдымен – дыбыстың бекзатты жұмсақтығы. Айрықша күш түсірмей, еркін дыбыс шығару. Дисканттардың жоғарғы, ашық, жеңіл, сыңғырлаған, жекеше боялған, жақсы жаңғырған дыбысы. Альттардың терең, жұмсақ немесе тығыз, сыңғырлаған дыбысы.
Кеуде тембры фальцетты тембрға қарағанда бай, ендеше, бір-бірінің қасиеттерін біріктіріп, фальцетты регистрда кеуде жаңғыруын қолдану есебінен ер балаларды микстік дыбыстауға үйрету қажет. Осыған қоса, оларда жанның нәзік қозғалысын көрсетуге қабілетті, «жылы» тембрдың пайда болуына жағдай жасайтын ән айту дыбысының ең бағалы қасиеті-ән айту вибратосын дамыту қажет.
Ә.С. Сеңкібаева
Қызылжар ауданы әкімдігінің
«Мерей» өнер мектебі» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорны,
Ән айту-хор бөлімінің оқытушысы,
Солтүстік Қазақстан облысы