Home » Жаңалықтар » Минск қаласында Қазақстаннан әкелінген өнімдердің алғашқы дегустациясы өтті

Минск қаласында Қазақстаннан әкелінген өнімдердің алғашқы дегустациясы өтті

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2019 жылдың 3 — 5 шілде аралығында Минскте қазақстандық тағамдық өнімдердің көрмесі, сонымен қатар Беларусь-Қазақстан Іскерлік кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстан және Беларусь – байырғы серіктестер мен ниеттестер, егемендік алғаннан бері бір-бірімен байланысты ұзған жоқ және 25 жыл тәуелсіздік ішінде қуатты саяси және экономикалық ынтымақтастық негізін құрай алды. Екі мемлекетті жемісті сауда-экономикалық қарым-қатынас үшін қомақты құқықтық негіз болатын 70 астам екіжақты құжаттар байланыстыруда. 2018 жылы елдер арасындағы сауда айналымы $895 млн құрады, 2017 жылмен салыстырғанда ол 30%-ға өсті. Қазақстан өндірушілерінің көрмесі осы көрсеткішті ұлғайтуға және жаңа серіктестік келісімдерді жасасуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

«Беларуссияның Қазақстанмен қарым-қатынасы өте қарқынды, әрі оңтайлы дамып келуде. Қазақстанда 40 тауар өткізуші субъектілер және Беларуссияның қатысуымен 256 кәсіпорындар жұмыс істеуде, біздің елде қазақстандық капиталмен 49 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Тауар айналымы тұрақты өсіп келеді, біз $1 млрд жету жолындамыз», – деп журналисттерге БелТПП төрағасы Владимир Улахович хабарлады.

Өз тауарларын қазақстандық ірі ұн және макарон өнімдерінің, тұздық пен мау өнімдерінің, ет консервілерінің, табиғи сусындар мен кондитерлік өнімдердің өндірушілері көрсетті, ал қонақтар мен қатысушылар осы өнімдерден дәм татып, қазақстандық өнімдерді бағалауға мүмкіндік алды.

«Қазақстандық тағамдық өнімдер бүгінгі таңда жоғары сапа деңгейіне жетуде және ТМД елдерінің жетекші өндірушілеріне бәсеке бола алады», –  «Ново-Альджанский мелькомбинат» ЖШС Бас директоры Канат Тапаев айтады.  – Макарон, нан-тоқаш, сүт, кондитерлік және ет өнімдерін жасауда біз жақсы деңгейге жеттік. Менің пікірімше, қазақстандық өндірушілер осы жетістікпен тоқтап қалмауы керек. Осы сатыда шетелдік нарықты белсенді жаулап алу үшін бізде қажеттінің барлығы бар».

Осындай арнайы іс-шаралар тағамдық өнеркәсіптегі қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетін алға тартуға, жоғарылатуға, сонымен қатар Беларуссиядан әлеуеттік серіктестермен іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған.

Беларуссиядағы Қазақстанның елшісі Ермухамет Ертысбаев өз құттықтау сөзінде айтқан болатын: «Қазақстандағы барлық дүкендерде, барлық облыстық қалаларда, оның ішінде қала түріндегі ауылды жерлерде беларуссиялық тағамдық өнімдер кеңінен таралған. Қазақстан беларуссиялық өнімдер үшін нарықтың есігін кеңінен ашты. Іскерлік кеңестің жұмысы барысында қазақстандық тағамдық өнімдерден басқа өнімдер де Беларуссияда кеңінен таралуға жол ашады дегенге сенемін».

Іскерлік кеңестің жұмыс нәтижесі «Hyundai» арнайы техникалық модельдік қатарын бекіту және Подснаб пен МАЗ беларуссиялық серістестермен жеткізілімге экспорттық келісімді жасасу болып табылады.

Қазақстандық өндірушілердің беларуссиялық тауарлық желілердің өкілдерімен және дистрибьюторларымен кездесуде де нақты келісімдер жасалды. Осылайша, құрамына 29 дүкен мен 4 мейрамхана кіретін «Радзивилловский» желісінің өкілдері қазақстандық тағамдық өнімдердің барлық ұсынылған түрлерін сатып алуға қызығушылық тудырды. Тараптар сынауға партияны жеткізу туралы келісті.

Көшбасшы «Гиппо» беларуссиялық гипермаркеттердің өкілдері қазақстандық өнімдерді импорттауды бастайтын бірінші желі болуға ниет білдірді. Ерекше сұраныстағы тауарлар ұн, макарон өнімдері және табиғи сусындары болып табылады.

Қазақстандық бизнесті қолдау Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен «Атамекен» ҰКП іске асыратын экспортты алға тарту бойынша мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде іске асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты – аймақтың шикізаттық емес экспортын ұлғайту және экспортерлердің санын арттыру.

 

АНЫҚТАМА ҮШІН

Көрменің қатысушылары

  1. «Ново-Альджанский комбинат» құймақтар, кондитерлік өнімдер, ыстық тағамдар, нан-тоқаш өнімдері және т.с.с. үшін ұнның түр-түрін ұсынады. Бұдан басқа, комбинат кішкентай балалар мен оңалту кезеніндегі науқастар үшін ұсынылатын макарон өнімдерін және жеңіл сіңірілетін ұнтақ жармасын шығаруға мамандандырылған.
  2. «Eurasian Foods» – Қазақстандағы және ТМД елдерінің барлық аумағындағы өндіріс көлемі 120 000 тоннадан асатын ірі өндіруші экологиялық таза тұздықтар мен майонездерді ұсынады. Олардың қатарында жетекші еуропалық өндірушілердің жабдықтарында классикалық рецепт бойынша жасалған аты танымал «Провансаль». Компания ынтымақтастық құратын елдердің ерекшеліктерін ескере отырып, өнімдерді шығарумен қызығушылық тудырады. Мысалы, компанияның танымал өнімдерінің бірі болып табылатын және Грузия үшін арнайы жасалған «Постный» тұздығы мен майонезі.
  3. «Pallant Trade» – Қазақстанның «ет» компаниясы ет пен құс етінен кесекті консервілер — «тушенканы» және етпен ботқаны жасауға мамандандырылған.
  4. «A-product» кондитерлік өнімдердің өндірушілерінің ұстанымы – табиғилық, сондықтан Қазақстанда аты танымал халуа үшін компания уыт ұнын қолданбайды, тек «A-product» өзіндік жерлерінде өсірілетін уыт ағашының табиғи тамырын пайдаланады. Қазақстанда шай ішу рәсіміне және шайға өнімдерді дайындау рәсіміне ерекше қарайды, сондықтан компания іс-шараның қонақтарын ерекше кондитерлік өнімдермен таң қалдыруға дайын.
  5. «Султан-Маркетинг» ЖШС – бидайдың қатты сұрыбынан жасалған макарон өнімдерінің жетекші қазақстандық өндірушілерінің бірі. Бұдан басқа, компания кондитерлік өнімдерден дәм тату үшін үлгілерді алып келеді, оның ішінде – тәтті, әрі ерекше жеңіл шоколадпен құйылған вафли: бұдан қазақстандықтар мен Беларуссиядағы көрменің қатысушылары ғана емес, «Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушылары да дәм тата алады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.