Home » Білім және тұлға » Мен — казіргі заман педагогімін

Мен — казіргі заман педагогімін

 Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
                                                   Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 
                                                         Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
                                                         Ұстаз болу – адамның асылдығы   
                                             Ғафу Кайырбеков.

19-img_4482      Мен -замануи мұғаліммін.  Ал олай атануға менің хақым бар ма?  Заман ағымы деп жатамыз. Қазіргі заман талабы қандай? Елімізге қандай казіргі замануи мұғалім қажет, ол қандай болу керек ? Тарихқа үңілсек, халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған . Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі — өзінше бір әлем. Ұстаз — сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Оз басым, ұстаз — бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі деп ұғынамын.  Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім.  Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, Алаш арысының осы сөзі ескірген емес. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Ал, баланың білімге, оқуға деген қызығушылықтарын оята білу ол біздердің, яғни ұстаздар қауымының басты міндеті деп білемін. Ұстаз — киелі әрі өте көне мамандық.  Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық– ұстаздық.  Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.  Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстаздарым – жанұямыздағы мұғалім мамандығын таңдаған , пәндерін жетік меңгерткен ұлағатты ұстаздар, апаларым мен ағаларым . Ұстаздық — әулетіміздің мамандығы десем де артық айтпаспын. Жалпы жанұялық педагогикалық өтіл- 205жыл:  нағашым Әрмия Сағатұлы қазақ тілі мен әдебиетін  48жыл дәріптесе, апаларым Жадра  химия биология пәнін 28жыл, ал  Сәуле  орыс тілін 41жыл, Қымбат шет тілдерін 33жыл , Марал қазақ тілін 26жыл , сіңілім Алмагүл 12жыл қазақ тілін сусындатуда. Жанұяда кенже, сегізінші бала, мен -Фатима — осындай қызығы да,қиындығы мол мамандықты таңдап, география пәні  ұстаздық жолында  16 жыл еңбектенудемін.  «Мен-мұғаліммін» дегенді  кейбіреулер өкінішпен, екіншілер ұяла дауысын бәсеңдете, ал тағы басқасы жасқана  айтады, ал мен болсам өз мамандығын мақтан тұтатын , алғанынан  берері мол жүздеген педагогтар сияқты,  ұстаз болғанымды мақтан етем! Өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым . Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет-  балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана  болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясаты мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Біріншіден,ол- өз кәсібінің майталманы болу керектігі айтпаса да түсінікті. Осы мақсатта,  Қарағанды мемлекеттік университетінде студенттік қызыққа толы өмірде  білім нәрін дәмін тәтіп, дипломды маман атандым . Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың- бұл менің  ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.   ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі,  техноло -гиялық мәдениет дәуірі. Сондықтан,екіншіден,  күнбе күнгі өзімің көп қырлы  ұстаздық еңбегімде өмірдің көшінен қалмай, яғни білім мен біліктілікті әрдайым жетелдіріп,  жаңа инновациялық технологияларды меңгеріп отыру керектігін түсіндім.  География сабағын өткізу үшін тек кана карта, глобус, тақта мен бор жеткілікті емес, ия, оқушылар керек, бірақ ең басты мұғалім керек, замануи мұғалім . Мен сабақтарымда  бірсарындылықты ұнатпаймын, сондықтан ардайым оқушылар үздіксіз ізденіс үстінде . «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»  ,-деген Альберт Эйнштейннің сөзі мақсатым.  Ойлап шығару, жүзеге асыру, топтық жұмыс, жеке жұмыс, даралап оқыту, сан алуан дамыту ойындары – қалыпты  сабақ үлгісі.  Ұстаз ретінде тек қана жалаң білім беріп қоюмен шектеліп қалмауға барынша тырысамын:тәжірибе алаңы, ғылыми конференциялар, ғылыми жобалар сайысы, зияткерлік ойындар қолданамын. Ұлы  ағартушысы Уильям Уорд:  — Жай мұғалім хабарлайды,  Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, — деген сөздерін ой елегінен өткізіп отырамын.  Жылма жыл курстарға қатысып, тәжірибе жинақтау, алмасуды жөн санаймын. Биылғы жылы , мен үшін ең  қызық — Алматыда өткен дарынды оқушыларды олимпиадаға дайындау семинары болса, ең қиыны- деңгейлік курстағы оқыту болды . Деңгейлік  курста  әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін ұстаздар қауымдастығымен қауышып,  ел болашағының мүсіншілері тәжірибесін меңгердік деуге болады. Есесіне қанша қызықты коучингтер, пікірталас сабақтары дүниеге келді! Ешбір сәтте есімнен ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл — Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі шыққан емес. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау арқасында   қанша тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіріп, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткіздік десенші! Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса бұл нағыз мақтаныш емес пе? Бақыттың үлкені — өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Менің алғашқы шәкірттерімнің бірі Жұлдыз пен Сандугаш  мұғалімдік жолымды қуып георафия пәні ұстазы атанса, ендігілері география пән бойынша жақсы білімдерін дәлелдеп «Алтын белгі» иегері атанған  Ажар.                          Нұрбек , Ернар , Гүлнур мен Диас ҰБТде жоғары балл алып  ЖОО түсіп егемен елдің, Тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып жатыр, кейінгі буын түлектері аймақтық пән олимпиадаларда жүлдегері атанды. Одан артық менде қайдан арман болсын. Міне,осындайда «Ұстаз — ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.  Заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Қоғамымызда болып жатқан өзгерістерден білім саласы да шет қала алмайды.  Заман талабы өзгереді, қоғам алға ұмтылады, ал Білім – барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болып қала береді.  «Мен – казіргі заман  педагогімін!»,   — деп енді толық айталамын.
Фатима Кыпшакбаевна Жумабаева
бірінші санатты, Кембридж Университет  бағдарламасы бойынша Назарбаев ПШО екінші деңгей,география пәні мұғалімі,  Қорғалжын мектеп-гимназиясы, Қорғалжын ауданы.
Жетістіктерім; I-дәрежелі Диплом
Аудандық «Үздік мұғалім-2016»
Грамота «Үздік педагог-2016»облыстық конкурсының катысушы.                 
Диплом I орын«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы
«Менің инновациялық сабағым» атты VI Халықаралық оқытушылар сайысы    Диплом«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы «Жас ғалым» атты III,IV Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында оқушылыры жоғары жетістікке қол жеткізіп,жүлдегер атанған үшін.
Алғыс хат.»Көкше академиясы» география пәнінен облыстық аймақтық олимпиадасына оқушылары жоғары жетістікке қол жеткізіп I,II,III жүлдегер атанған үшін.
II -дәрежелі Диплом «Үздік сабақ» әдістемелік әзірмерлер байқауында
женген үшін.
«Евразийский центр поддержки и развития молодежи» ЖШС
.Қостанай қ.

 

 

Жумабаева Фатима Кыпшакбаевна.
Қорғалжын мектеп-гимназиясы.

География пәнінің мұғалімі.
Қорғалжын ауданы. Қорғалжын ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.