Home » Жаңалықтар » ОҚЫТУ ҮРДІСІНЕ ОТБАСЫН ҚАТЫСТЫРУ – ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

ОҚЫТУ ҮРДІСІНЕ ОТБАСЫН ҚАТЫСТЫРУ – ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

НҰРАҚБАЕВА Айгүл Зұлпықарқызы,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты»,
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас маманы

20-%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be2016 жылдың 6 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің «Оқыту үрдісіне отбасын қатыстыру тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттырудың басты бағыты» атты облыстық семинар өтті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту үрдісіне отбасын қатыстыру арқылы тәрбиелеу мен оқытудың сапасын арттырудың ерекшеліктері жөнінде бағыт-бағдар беруді мақсат еткен келелі жиынға Алматы облысы бойынша мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.

Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры,  филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов: «Біздің халқымызда отбасылық институт әбден қалыптасқан. Қарап отырсаңыздар, біздің ұлы адамдарымыздың барлығы толық отбасынан шыққан жандар. Сондықтан ұлттың ұйытқысы жоғары оқу орынынан емес, орта мектептен емес, отбасынан басталуы қажет. Бұл үрдіс ұлттық мемлекеттерде жақсы сақталған. Мәселен, Жапон мемлекетінде әлі күнге дейін отбасылық тәрбие мен дәстүрлі тәрбиеге деген көзқарас нық сақталып тұр. Ал бізде, бүгінгі күні орта мектептерде тәрбие мәселесі екінші орынға қарай ығысып барады. Бұл біз үшін, біздің мемлекет, біздің қоғам үшін өте қауіпті дүние.

Қазіргі таңда қалалық жағдайда, ауылдық жағдайда болсын отбасының екінші рөлін балабақша атқарып жатыр. Сол себепті, балабақшада қызмет ететін сіздерге ерекше көңіл бөлінуі қажет. Біздің институт қызметкерлері сіздерге әдістемелік тұрғыда қолдау, көмек көрсетуге әрқашан да дайын»,- деп айтып өтті.

Институтымыздың құрметті қонағы педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Амирова Әмина Слямханқызы оқыту үрдісіне отбасын қатыстыру арқылы тәрбиелеу жайлы құнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы «Отбасы – рухани-адамгершілік тәрбие бастауы» атты баяндамасында: «Отбасының негізгі қызметі баланы өмірге келтіру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағлымдары мен аға ұрпақтың тәжірибесін сіңіру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етіп тәрбиелеу»,- дей келе мектепке дейінгі ұйымдарда отбасын қатыстыру сапалы білім берудің алғышарты екендігін қадап айтты.

Семинар соңында өз тәжірибесімен бөліскен қатысушыларға институт тарапынан арнайы Алғыс хат, Құрмет грамоталары мен сертификаттар табыс етілді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.