Home » Мақалалар » Мемлекеттік тіл және ұлттық рух – рухани жаңғырудың басты бағдары

Мемлекеттік тіл және ұлттық рух – рухани жаңғырудың басты бағдары

2018 жылдың 31 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында» Операциондық жоспарға сәйкес «Мемлекеттік тіл және ұлттық рух – рухани жаңғырудың басты бағдары» атты Облыстық (оn-line) вебинар өткізілді.
Облыстық оn-line вебинарға О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты мен Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Талдықорған медицина колледжінің мұғалімдері, Алматы облысы Ұйғыр аудандық білім бөлімінің әдіскері, Сарканд, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Алакөл, Ұйғыр, Ескелді, Қарасай, Іле, Райымбек, Қаратал аудандарының мұғалімдері жалпы саны 70 баяндамашы (тікелей және сырттай) қатысып, аталған тақырып аясында ой пікірлерін білдіріп, қазақ тілін оқытудың инновациялық технологиясы жайында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, рухани жаңғырудың басты бағдары бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы жайында ойларын ортаға салып, осы бағытта атқарылып жатқан және атқарылатын іс шараларды талқылады.
Оn-line вебинардың мақсаты – Рухани жаңғыру бағытында ұлттық рух пен мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттау, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін, көптілді білім беру үрдісін дамыту жолдарын талқылау, өзара тәжірибе алмасу.
Вебинар міндеттері: Мемлекеттік тілді оқыту арқылы рухани құндылықтарды игерту; Мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың ерекшеліктерімен бөлісу; көптілдібілім беру үдерісін жетілдірудің жолдарын саралау.

Вебинар жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1.Мемлекеттік тіл – рухани жаңғырудың басты бағдары.

2.Мемлекеттік тілді оқытудағы қазіргі заманғы инновациялық технологиялар.

3.Рухани жаңғыру және көптілді білім беру үрдісін жетілдіру жолдары.

4.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуда ұлттық рух пен мемлекеттік тілдің маңызы.

Оn-line вебинардың Пленарлық мәжілісін модератор ­- «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Т.Қ. Ауелгазина ашып, «Рухани жаңғыру — ұлттық рухты көтеру тұғыры» тақырыбында баяндама жасады.

Толқын Құдайбергенқызы өз сөзінде «Дүние жүзіндегі кез-келген мемлекеттің табысты болуы адамдарының бәсекеге қабілетті болуымен анықталады. Сондықтан, қазіргі күні әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға сай қасиеттерге ие болуы керек. Ол шет тілдерін білу, зияткерлік қабілет, сапалы білім мен еңбектен көрінуі тиіс. Сол үшін «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттілігі туындауда. Әлемдік процестердің жылдам қарқын алуын ескерсек, біздің бәсекеге қабілетті болуға талпынуымыз – заңдылық. Дегенмен, бұл жерде басты ескеретін жәйт, қай дәуірде болмасын, алдымен біздің ұлттық ерекшелігіміз мен құндылықтарымыз сақталуы керек» деп, ұлттық рухымыздың тұғырын көтерудің маңыздылығын атап өтті.

Вебинарға қатысқан баяндамашылар мақалаларында Рухани жаңғыру бұл ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік екенін, ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай деген мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы вебинарда кеңінен қозғалып, талқыланды. Сонымен қатар орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік тілді меңгертудегі жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі мен ерекшелігі, оның ұтымды тұстарын сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу туралы тұшымды ойларын ортаға салды.

Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухани жаңарудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік әкелетін дүниелерді қалыптастырады.

Енді рухани жаңғыру кезінде ең алдымен біз елін, жерін, халқын шын сүйетін ұрпақ, қалың қауым тәрбиелейміз десек, әуелі тарихи санамыз жаңғыруы керек. Қазақтың ертеңгі ұрпағы ең әуелі осы елдің, осы кең байтақ жерді қалай иеленгенін, бұған қанша қан төгіліп, қанша тер сіңгенін, мұндай ұланғайыр даланы біздің ата-бабаларымыз қалай сақтап қалғанын, бұл даланы бізге өсіп-өну үшін аманаттап кеткенін, осы дархан даланың әр қарыс жері үшін батырларымыздың, хандарымыз бен билеріміздің қасық қаны қалғанша қалай күрескенін бүгінгі ұрпақ білуі керек. Соны бүгінгі ұрпақтың бойына сіңдіру басты мәселелердің бірі.

Вебинарды институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Т.Қ.Ауелгазина қорытындылап,  аталған іс-шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізінде өткізіліп жатқан іс шаралардың маңыздылығын атай отырып, құнды идеяларымен бөліскендері үшін қатысушыларға ризашылығын білдірді.

                                                                                                           А.Болсынбаева,
Мұғалімнің кәсіби дамуын педагогикалық-
психологиялық   тұрғыдан қолдау кафедрасының
аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.